"Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 18 және 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге) өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 7 Нормативтік қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 18 және 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) 2-тармақтың екінші сөйлеміндегі "Психатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы" деген сөздер "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 7-тармақтағы екінші сөйлем алып тасталсын;

      3) 8-тармақта "арнаулы медициналық мекемеге" деген сөздер "психиатриялық көмек көрсететін ұйымға немесе мамандандырылған медициналық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 9-тармақтағы "арнаулы медициналық мекемелерге", "арнаулы медициналық мекемеге" деген сөздер тиісінше "мамандандырылған медициналық ұйымдарға", "мамандандырылған медициналық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 10-тармақтағы "медициналық мекемеге" деген сөздер "медициналық ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 19-тармақта:

      бірінші абзацтағы бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қылмыстық істерді ҚІЖК-нің 290, 290-1, 290-2, 290-3-баптарында бекітілген соттылыққа сәйкес бірінші сатыдағы соттар қарайды.";

      үшінші абзац "апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын;

      7) 28-тармақта:

      бірінші абзацтың бірінші сөйлеміндегі "мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығарған сот қарайды: облыстық және оған теңестірілген сотта үш судья құрамындағы алқа, аудандық және оған теңестірілген сотта – судья жеке-дара жүзеге асырады" деген сөздер "мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулыны шығарған соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады." деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші абзацтың екінші және төртінші сөйлемдеріндегі "медициналық мекеме", "медициналық мекемеде" деген сөздер тиісінше "медициналық ұйым", "медициналық ұйымда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 29-тармақтың екінші сөйлеміндегі "үш судья құрамында облыстық және оған теңестірілген сот" деген сөздер "сотталғанды жазадан босату туралы қаулыны шығарған аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы жеке-дара" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

М. Әлімбеков

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев