Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысында Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 29, 255-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметі әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры есептейтін әскери қызметке алынғанға дейінгі еңбек қызметінің стажы";
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1500 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1500 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов