Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысында Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 29, 255-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметі әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры есептейтін әскери қызметке алынғанға дейінгі еңбек қызметінің стажы";
2) "Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 5, 68-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесінде:
3-тармақта:
6) тармақшадағы "жүзеге асырады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) "Сырбар" сыртқы барлау қызметінде қызмет өткерген әскери қызметшілерге - Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметі жүзеге асырады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов