Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2298 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 662 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.10.2020 № 662 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.06.2019 № 380 қаулысымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің мынадай жағдайлары айқындалсын:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын aлу және салдарын жою;

      2) аса қауіпті инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және оларды емдеу;

      3) орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеу.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 06.06.2019 № 380 қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов