"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 139-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
тақырыптағы және 1-тармақтағы "шетелдік" деген сөзден кейін "және қазақстандық" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесінде:
тақырыптағы "шетелдік" деген сөзден кейін "және қазақстандық" деген сөздермен толықтырылсын;
"Шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар және қорлар" деген бөлімде:
тақырыптағы "Шетелдік" деген сөзден кейін "және қазақстандық" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 163-жолмен толықтырылсын:
"163. "Бота" қоғамдык қоры".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |