Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 09.04.2018 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 139-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
тақырыптағы және 1-тармақтағы "шетелдік" деген сөзден кейін "және қазақстандық" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесінде:
тақырыптағы "шетелдік" деген сөзден кейін "және қазақстандық" деген сөздермен толықтырылсын;
"Шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар және қорлар" деген бөлімде:
тақырыптағы "Шетелдік" деген сөзден кейін "және қазақстандық" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 163-жолмен толықтырылсын:
"163. "Бота" қоғамдык қоры".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |