Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2260 Қаулысы

Қолданыстағы

      «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
      201 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» әкімшісі бойынша:
      006 «Ақпараттық жүйені дамыту» бағдарламасы бойынша:
      «Бақылау» автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесі» деген жолда «198486» деген сандар «198726» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық веб-порталын құру» деген жолда «109701» деген сандар «109461» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов