Орта мерзімді кезеңге (2010 - 2012 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2242 Қаулысы

Жаңартылған

      «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған орта мерзімді кезеңге (2010 - 2012 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2242 қаулысымен 
бекітілген    

Орта мерзімді кезеңге (2010 - 2012 жылдарға) арналған
концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.03.19 № 229 Қаулысымен.

Р/с

Атауы

Конкурсты ұйымдастырушы

1

2

3

1. Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері

1.

«Алматы - Өскемен» автомобиль жолының «Алматы - Қапшағай» учаскесін салу (қайта жаңарту) және пайдалану

ККМ

2.

«Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) -Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістерімен Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Шымкент - Тараз - Қорғас» автомобиль жолының «Алматы - Қорғас» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

ККМ

3.

«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» 1142 - 1216 км учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

ККМ

3-1.

«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» 1096-1142 км учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

ККМ

3-2.

«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» 1038 - 1096 км учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

ККМ

3-3.

«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» 997 - 1038 км учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

ККМ

4.

«Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Шымкент — Тараз - Алматы - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістермен бірге Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Қорғасқа» автомобиль жолының «Шымкент - Жамбыл облысының шекарасы» 593-674 км учаскесін қайта жаңарту

ККМ

5.

«Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістермен бірге Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Қорғасқа» автомобиль жолының «Ташкент - Шымкент» 674-806 км учаскесін қайта жаңарту

ККМ

2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер

6.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану

ККМ

      Ескертпе аббревиатураның толық жазылуы:
      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі.