«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған орта мерзімді кезеңге (2010 - 2012 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2242 қаулысымен
бекітілген
Орта мерзімді кезеңге (2010 - 2012 жылдарға) арналған
концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.03.19 № 229, 2010.10.04 № 1020 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
Р/с |
Атауы |
Конкурсты ұйымдастырушы |
1 |
2 |
3 |
1. Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері | ||
---|---|---|
1. |
«Алматы - Өскемен» автомобиль жолының «Алматы - Қапшағай» учаскесін салу (қайта жаңарту) және пайдалану |
ККМ |
2. |
«Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) -Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістерімен Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Шымкент - Тараз - Қорғас» автомобиль жолының «Алматы - Қорғас» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану |
ККМ |
3. |
«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» 1142 - 1216 км учаскесін қайта жаңарту және пайдалану |
ККМ |
3-1. |
«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» 1096-1142 км учаскесін қайта жаңарту және пайдалану |
ККМ |
3-2. |
«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» 1038 - 1096 км учаскесін қайта жаңарту және пайдалану |
ККМ |
3-3. |
«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» 997 - 1038 км учаскесін қайта жаңарту және пайдалану |
ККМ |
4. |
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.10.04 № 1020 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. |
|
5. |
«Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістермен бірге Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Қорғасқа» автомобиль жолының «Ташкент - Шымкент» 674-806 км учаскесін қайта жаңарту |
ККМ |
5-1. |
Зияткерлік-көліктік және төлем жүйесін енгізу (ЗКТЖ) және «Астана - Көкшетау қаласы арқылы Петропавл» автомобиль жолының «Астана - Щучье» учаскесін пайдалану |
ККМ |
2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер | ||
6. |
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану |
ККМ |
Ескертпе аббревиатураның толық жазылуы:
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі.