Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 2164 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 480 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2025 № 480 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:

      "Облыстың, Алматы, Астана қалаларының әкімі орынбасарларының саны (бірлік)" деген бағанда:

      "Қарағанды" деген жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;

      "ЖИЫНЫ:" деген жолдағы "70" деген сандар "71" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Қарағанды облысының әкімі:

      1) өзінің бұрын шығарған актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов