Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
«Облыстың, Алматы, Астана қалаларының әкімі орынбасарларының саны (бірлік)» деген бағанда:
«Қарағанды» деген жолдағы «4» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын;
«ЖИЫНЫ:» деген жолдағы «70» деген сандар «71» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Қарағанды облысының әкімі:
1) өзінің бұрын шығарған актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов