«Оралмандардың 2009 - 2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 32 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Отбасы саны» деген 2-бағанда:
«Алматы» деген жолдағы «3800» деген сандар «4000» деген сандармен ауыстырылсын;
«Атырау» деген жолдағы «500» деген сандар «650» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жамбыл» деген жолдағы «1800» деген сандар «1950» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қарағанды» деген жолдағы «1200» деген сандар «1000» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қызылорда» деген жолдағы «500» деген сандар «400» деген сандармен ауыстырылсын;
«Оңтүстік Қазақстан» деген жолдағы «3000» деген сандар «2800» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов