Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы N 690 Жарлығы

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес қаулы етемін:
       1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы әрбір күнтізбелік жылға 20000 отбасы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев