Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 1942 Қаулысы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Тақырып жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.12.02 N 1435 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы және "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.12.02 N 1435 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      1) Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесі;
      2) тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 1942 қаулысымен
бекітілген    

Taуap биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Taуap биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы және "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы заңдарына сәйкес әзірленді және тауар биржалары, биржалық брокерлер (бұдан әрі - брокерлер) және биржалық дилерлер (бұдан әрі - дилерлер) қызметін лицензиялау тәртібі мен шарттарын анықтайды.
      2. Тауар биржалары, брокерлер мен дилерлер қызметін лицензиялауды сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - Лицензиар) жүзеге асырады.
      3. Тауар биржалары, брокерлер мен дилерлер қызметімен айналысу құқығына арналған лицензия иеліктен шығарылмайтын бас лицензия болып табылады және лицензиат оны басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
      4. Тауар биржалары, брокерлер және дилерлер қызметімен айналысу құқығына арналған лицензия тауар биржалары, брокерлер және дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі - біліктілік талаптары) сәйкес келетін заңды тұлғаларға беріледі.

2. Лицензияны берудің шарттары мен тәртібі

      5. Өтініш беруші тауар биржалары, брокерлер мен дилерлер қызметі бойынша лицензия алу үшін Лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) белгіленген үлгідегі өтініш;
      2) жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
      3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);Z950002198
      4) тауар биржалары саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
      5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
      6. Лицензия беру үшін Лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі Лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).
      7. Лицензияны Лицензиар осы Ереженің 5-тармағында белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      7-1. Лицензиар өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Құжаттардың толық еместігі фактісі белгіленген жағдайда лицензиар өтініш берушіге көрсетілген мерзімде одан әрі қараудан жазбаша, дәлелді түрде бас тартады. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде құжаттар осы Ереже талаптарына сәйкес қаралады.
      Ескерту. Ереже 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.04 № 894 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      8. Егер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
      2) осы Ереженің 5-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттар толық табыс етілмеген. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
      3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
      5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот өкімі болған жағдайларда лицензия беруден бас тартылады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.04 № 894 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      9. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда Лицензиар өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.
      10. Егер Лицензиар өтініш берушіге лицензияны бермеген не өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себебі туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, онда лицензияны беруге арналған мерзімдер еткен күннен бастап бес жұмыс күні еткен соң өтініш беруші Лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
      Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия береді.
      11. Лицензиардың шешімдері мен іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
      12. Лицензиат лицензияны жоғалтқан, бүлдірген кезде лицензияның  телнұсқасын алуға құқылы.
      Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілер лицензиат Лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалу, бөліну фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
      Лицензиар тауар биржалары саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатпен қоса, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның телнұсқаларын береді.
      13. Заңды тұлға бірігу, қосылу, бөліну немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған, атауы, сондай-ақ мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнін өзгертуге әкелмесе, қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен және тауар биржалары саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатпен коса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
      Лицензиар лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде лицензияны қайта ресімдейді.

3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, оны алып қою

      14. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, оны алып қою Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      15. Лицензияның қолданылуы мынадай:
      1) лицензияны алып қойған;
      2) заңды тұлға таратылған, бірігу, қосылу, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған;
      3) лицензия ерікті түрде қайтарылған;
      4) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің бұл түрі алып тасталған;
      5) лицензиат лицензиялануға тиіс субъектілер қатарынан алынып тасталған жағдайларда тоқтатылады.
      Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны Лицензиарға қайтаруға міндетті.

4. Есепке алу және бақылау

      16. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
      Лицензиар өз құзыреті шеңберінде лицензиаттан бақылау функцияларын орындау үшін қажетті тиісті құжаттар мен ақпаратты ұсынуды талап етуге құқылы.
      17. Лицензиардың атауы, лицензияның берілген күні және нөмірі, заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны және орналасқан жері, қызмет түрі, лицензияның қолданылу мерзімі, төлем тапсырмасының нөмірі және лицензиялық алым төленген күн, лицензияны қайта ресімдеу, қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату негіздері мен күндері туралы мәліметтерді қамтитын лицензиялар тізілімін жүргізеді.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 1942 қаулысымен
бекітілген  

Тауар биржалары, биржалық брокерлер және биржалық дилерлер
қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

      1. Тауар биржалары қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
      1) нақты уақыт режиміндегі биржалық сауда-саттықты және электронды биржалық сауда-саттықты өткізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің;
      2) құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақталған құрылымдық бөлімшенің;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен биржа саудасының үлгі ережесі негізінде әзірленген биржа саудасы ережесінің;
      4) тауар биржасында басшылық қызметпен айналысатын қызметкерлерде:
      жоғары білімінің;
      тауар биржалары саласында және/немесе қаржылық ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
      тауар биржасында басшылық қызметпен айналыспайтын қызметкерлерде:
      жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;
      5) сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің;
      6) клирингтік орталықтың не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шарттың;
      7) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.09.04 № 894 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен;
      8) кемінде үш биржалық брокермен және/немесе биржалық дилермен ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттарының;
      9) мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкін пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмілелерді, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдерді тіркегені және ресімдегені үшін бекітілген төлемдер мөлшерлерінің болуын көздейді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.04 № 894 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Биржалық брокерлер (бұдан әрі - брокерлер) және (немесе) биржалық дилерлер (бұдан әрі - дилерлер) қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
      1) ұйымның бірінші басшысында:
      жоғары білімінің;
      ұйым қызметкерлерінде (биржалық саудамен айналысатын):
      жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;
      2) брокерлік немесе дилерлік қызметтер көрсету туралы шарттардың бекітілген нысандарының;
      3) клиенттерге брокерлік немесе дилерлік қызметтер көрсетудің бекітілген регламентінің болуын көздейді.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.04 № 894 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.