Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 тамыздағы N 1039 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қарашадағы N 1920 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әскери мүліктің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 тамыздағы N 1039 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      5-тармақтың бірінші абзацындағы "кәсіпорын" деген сөз "ұйым" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов