Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгі нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 тамыздағы N 863 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 30, 405-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгі нысанында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Агент сақтандыру төлемдерінің бір бөлігін өтеуді сақтандыру жағдайы басталған сәтте қолданыста болған шарттың негізінде жүзеге асырады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сақтандырушы Агентке өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша және мерзімдерде электронды және қағаз тасығыштарда ақпарат береді.";
2) "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1036 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 40, 159-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанында:
кіріспедегі "Астана қаласы" деген сөздер "______ сериясы_____" деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың тоғызыншы абзацындағы "Сақтанушының" деген сөзден кейін "немесе тәуелсіз сарапшының" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1._________________________ Шарт бойынша пайда алушы болып табылады. Пайда алушының деректемелерін сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтініште көрсетеді.";
36-тармақ "әрі 20__ жылғы "__" _____ дейін қолданылады." деген сөздермен толықтырылсын;
"Тараптардың деректемелері" деген 15-бөлім "ББК" деген аббревиатурадан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Резиденттік белгісі__________________,
Экономика секторының коды _____________________";
өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанының қосымшасында:
тақырыбындағы "жасалған" деген сөз "жасалған N___" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ауданының" деген сөзден кейін "_______ табиғи-климаттық аймағы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов