Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 тамыздағы N 863 және 2006 жылғы 31 қазандағы N 1036 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1728 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 802 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1036 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 40, 159-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанында:
      кіріспедегі "Астана қаласы" деген сөздер "______ сериясы_____" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22-тармақтың тоғызыншы абзацындағы "Сақтанушының" деген сөзден кейін "немесе тәуелсіз сарапшының" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
      "26-1._________________________ Шарт бойынша пайда алушы болып табылады. Пайда алушының деректемелерін сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтініште көрсетеді.";
      36-тармақ "әрі 20__ жылғы "__" _____ дейін қолданылады." деген сөздермен толықтырылсын;
      "Тараптардың деректемелері" деген 15-бөлім "ББК" деген аббревиатурадан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Резиденттік белгісі__________________,
      Экономика секторының коды _____________________";
      өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанының қосымшасында:
      тақырыбындағы "жасалған" деген сөз "жасалған N___" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ауданының" деген сөзден кейін "_______ табиғи-климаттық аймағы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 802 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов