Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қазандағы
N 1724 қаулысымен
бекітілген
Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын
пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен
санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен
орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы
аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу
бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.23 № 115, 2011.02.15 N 140, 2012.03.26 N 353 Қаулыларымен.
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы орынбасары, төраға
Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Бақытжан Әбдірұлы даму және сауда министрі, төрағаның орынбасары
Хисматулин - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Вагиз Раилович даму және сауда министрлігі Бюджеттік және
салық-кедендік саясат департаментінің
директоры, хатшы
Ақшолақов - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Болат Оралұлы газ вице-министрі
Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Руслан Ерболатұлы
Нұрымбетов - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
Біржан Бидайбекұлы әлеуметтік қорғау вице-министрі
Paу - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Альберт Павлович жаңа технологиялар бірінші вице-министрі
Әбілқасымова - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Мәдина Ерасылқызы даму және сауда вице-министрі
Өтенов - «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және
Нұрлан Қалиоллаұлы энергетика кешені ұйымдарының
қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің
атқарушы директоры (келісім бойынша)
Радостовец - "Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиясы
Николай Владимирович кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы"
заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы
директоры (келісім бойынша)
Әубәкіров - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас
Асқар Әкімбайұлы директорының корпоративтік даму және
активтерді басқару жөніндегі орынбасары
(келісім бойынша)
Әшімбаев - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Самат Бағдатұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігі (қаржы полициясы)
төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Бекетаев - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Бақытжанұлы министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қазандағы
N 1724 қаулысымен
бекітілген
Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын
пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен
санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен
орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз
немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша
ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сонымен қатар кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары
3. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) рентабельдігі төмен келісім-шарт бойынша пайдалы қазбаларды ендіру салығы ставкаларының мөлшері туралы ұсынымдар әзірлеу (келісім-шартты рентабельдігі темен санатқа жатқызу туралы ұсынымдар шығарған жағдайда);
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельдігі төмен санатқа жатқызу немесе жатқызудан бас тарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
3) пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
4. Комиссия өз міндеттеріне сәйкес:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
4) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
5. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасар атқарады.
6. Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Комиссияның жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі жүзеге асырады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.15 N 140, 2012.03.26 N 353 Қаулыларымен.
7. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар және Комиссия отырысына қажетті басқа да материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол оларды отырысқа дейін кемінде 3 күн бұрын Комиссия мүшелеріне жібереді. Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқанда заңды болып есептеледі.
8. Комиссияның шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданған болып есептеледі және отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
9. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
10. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша жұмыс органы мүдделі тұлғаларды қарау нәтижелері туралы хабардар етеді.
4. Комиссияның қызметін тоқтату
11. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде тоқтатады.