Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қазандағы
N 1724 қаулысымен
бекітілген
Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын
пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен
санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен
орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы
аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу
бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.23 № 115 Қаулысымен.
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы орынбасары, төраға
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бахыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның
орынбасары
Баймұханова - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
Толқын Сағынбекқызы жоспарлау министрлігі Салық саясаты және
болжамдар департаментінің директоры, хатшы
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы минералдық ресурстар министрі
Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Руслан Ерболатұлы
Мағауов - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Әсет Маратұлы минералдық ресурстар вице-министрі
Нұрымбетов - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
Біржан Бидайбекұлы әлеуметтік қорғау вице-министрі
Раев - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
Нұрбек Тұрарбекұлы вице-министрі
Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Тимур Мұратұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Әубәкіров - "KazEnergy" Қазақстан мұнай-газ және энергетика
Асқар Әкімбайұлы кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды
тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры
(келісім бойынша)
Өзіханов - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік
Серік Әбілмәжінұлы қоғамы Ресурстық база және
геологиялық-геофизиялық деректерді басқару
департаментінің директоры (келісім бойынша)
Радостовец - "Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиясы
Николай Владимирович кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы"
заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы
директоры (келісім бойынша)
Сұлтан - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік
Орын Мұратұлы қоғамы Игеру және өндіру технологиясы
департаментінің директоры (келісім бойынша)
Ыбырайымов - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
Рүстем Әнуарұлы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы) төрағасының бірінші
орынбасары (келісім бойынша)
Бекетаев - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы вице-министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қазандағы
N 1724 қаулысымен
бекітілген
Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын
пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен
санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен
орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз
немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша
ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сонымен қатар кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары
3. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) рентабельдігі төмен келісім-шарт бойынша пайдалы қазбаларды ендіру салығы ставкаларының мөлшері туралы ұсынымдар әзірлеу (келісім-шартты рентабельдігі темен санатқа жатқызу туралы ұсынымдар шығарған жағдайда);
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельдігі төмен санатқа жатқызу немесе жатқызудан бас тарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
3) пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
4. Комиссия өз міндеттеріне сәйкес:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
4) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
5. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасар атқарады.
6. Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Комиссияның жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
7. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар және Комиссия отырысына қажетті басқа да материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол оларды отырысқа дейін кемінде 3 күн бұрын Комиссия мүшелеріне жібереді. Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқанда заңды болып есептеледі.
8. Комиссияның шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданған болып есептеледі және отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
9. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
10. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша жұмыс органы мүдделі тұлғаларды қарау нәтижелері туралы хабардар етеді.
4. Комиссияның қызметін тоқтату
11. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде тоқтатады.