Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы N 1707 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат):
      1-тармақта:
      Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Дүйсембаев                 - Қазақстан Республикасының Көлік және
Еркін Сейдеғалиұлы           коммуникация вице-министрі

Жақсылықов                 - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Тимур Мекешұлы               сауда вице-министрі

Сафинов                    - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Қанатбек Бейсенбекұлы        минералдық ресурстар министрлігінің
                             жауапты хатшысы

Шоқаманов                  - Қазақстан Республикасы Статистика
Юрий Камирұлы                агенттігінің жауапты хатшысы

Түсіпбеков                 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Әміржан Нұрышұлы             министрінің орынбасары

Қасымов                    - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Ақылтай Ахметжанұлы          азаматтық істер жөніндегі алқасы
                             төрағасының міндетін атқарушы (келісім
                             бойынша)

Вагапов                    - "Нұр Отан" халықтық демократиялық
Данияр Валерьевич            партиясының Орталық аппараты басшысының
                             орынбасары - заң басқармасының бастығы
                             (келісім бойынша)

Кулинич                    - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Александр Васильевич         министрінің орынбасары;

      көрсетілген құрамнан Бектұров Азат Ғаббасұлы, Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы, Тұрғанов Дүйсембай Нұрбайұлы, Дәненов Нұрлан Жұмағалиұлы, Саванков Александр Михайлович, Меңдібаев Бірлік Қайырбекұлы, Мейірманова Азалия Амангелдіқызы, Ойнаров Азамат Рысқұлұлы шығарылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ережесінде:
      9-тармақтағы "бірінші және" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.23 N 632 Қаулысымен.
      3) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 29 қазандағы
N 1707 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 828 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 29, 385-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 828 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы N 89 қаулысы.
      3 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы N 493 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 259-құжат).
      4. "Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі N 758 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж.,N 31,401-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 828 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қарашадағы N 1165 қаулысы.
      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 172 қаулысының 1-тармағының  3)және 4) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 9, 84-құжат).
      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 846 қаулысының 1-тармағының 2) және  3) тармақшалары(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 34, 363-құжат).
      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2007 жылғы 20 наурыздағы N 217 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5 және 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 9, 105-құжат).
      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы N 905 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5 және  6-тармақтары(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 37, 419-құжат).
      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі N 323 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3 және  4-тармақтары(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 19, 172-құжат).
      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы N 587 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 30, 302-құжат).
      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2 және 3-тармақтары.
      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 728 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3 және  4-тармақтары(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 26, 228-құжат).