Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін.
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
12 "Көлік және коммуникация" деген функционалдық топта:
215 "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген әкімші бойынша:
002 "Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту" деген бағдарламада:
005 "Ішкі көздер есебінен" деген кіші бағдарламада:
3-бағанда:
"Көкшетау қаласын айналма жолын қоса "Щучье - Көкшетау - Петропавл - Ресей Федерациясы шекарасы" автожолын қайта жаңарту" деген жолда "4 970 400" деген сандар "5 470 400" деген сандармен ауыстырылсын;
"Щучье-Бурабай" курорттық аймағы" туристік ойын-сауық орталығына кіру жолы" автожолын салу" деген жолда "1 050 000" деген сандар "550 000" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов