Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 513 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы N 1561 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1620 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2012 N 1620 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін, Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алу үшін конкурстар өткізу ережесін және байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 513 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 19, 169-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
      3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-тармақтардың 3) тармақшасының он бесінші және 12-тармақтың 3) тармақшасының сегізінші абзацындағы "қамтамасыз ететін" деген сөздер "қамтамасыз ету үшін абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинауды және екі жыл бойы сақтауды жүзеге асыру мүмкіндігі бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13 тармақтың 3) тармақшасында:
      жетінші абзацтағы "тапсырып беруге" деген сөздер "жеткізгенге немесе табыс еткенге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      тоғызыншы абзац "көрсеткіштері" деген сөзден кейін ", почта жөнелтілімдерін барлық бағыттар, жеткізу пункттері бойынша жіберудің бақылау мерзімдері" деген сөздермен толықтырылсын;
      оныншы абзац алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы 1-тармақтың 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілетін үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күндік мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов