"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 100-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру ережесі;
2) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгі шарты;
3) Орталық мемлекеттік органдарға бөлуге арналған тұрғын үйді іріктеу және бөлу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құрамы;
4) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Астана қаласының әкімі Іс-шаралар жоспарына сәйкес сатып алынған тұрғын үйлер пайдалануға берілген күнінен бастап үш күн ішінде Комиссияға осы тұрғын үй туралы (пәтерлердің, бөлмелердің санын, жалпы алаңын, қабаттылығын және басқа да сипаттамаларын көрсете отырып) ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1292 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 44, 401-құжат):
тақырыбындағы "Мемлекеттік" деген сөз "Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "Қоса беріліп отырған" деген сөздерден кейін "Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықта:
тақырыбындағы және кіріспедегі "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдынан "Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтағы ", не мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры)" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші абзацтағы "немесе мемлекеттік кәсіпорын" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзацтағы "не мемлекеттік кәсіпорын басшысының" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақта:
бірінші абзацтағы "не жұмыс орны бойынша мемлекеттік кәсіпорында" деген сөздер алынып тасталсын;
екінші абзацтағы "не мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігіне" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзацтағы "мен мемлекеттік кәсіпорындар әкімшіліктері" деген сөздер алынып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органынан (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқында өздеріне тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтама;";
8-тармақтағы "мен мемлекеттік кәсіпорындар" деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақта:
бірінші абзацта:
"не мемлекеттік кәсіпорындар әкімшіліктерінің" деген сөздер алынып тасталсын;
"тұрғын үй комиссияларының шешімдері" деген сөздер "тұрғын үй комиссиясының шешімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
10-тармақтағы ", 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
18-тармақтың бірінші абзацындағы үшінші сөйлем алынып тасталсын;
19-тармақтағы "Қызметтер жергілікті атқарушы органдардың, не мемлекеттік тұрғын үй қорын пайдалану мәселелерімен айналысатын мемлекеттік кәсіпорындар әкімшіліктерінің (одан әрі тұрғын үйлерді пайдалану қызметтері)" деген сөздер "Жергілікті атқарушы органдардың атынан мемлекеттік тұрғын үй қорын пайдалану мәселелерімен айналысатын қызметтер (бұдан әрі - тұрғын үйді пайдалану қызметтері)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген нұсқаулыққа 2 және 4-қосымшалар алынып тасталсын;
көрсетілген нұсқаулыққа 3-қосымшада:
"Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдынан "Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
", ұйымның" деген сөз алынып тасталсын;
"Ұйым басшысы _______________
м.о. " деген сөздер алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
"Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі қолданыстағы тетіктерді іске асыру" деген бөлімде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"пайдалануға берілетін тұрғын үйдің үштен бір бөлігі (барлығы 2000 пәтер) кейіннен орталық мемлекеттік органдардың арасында бөлу және оларды мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде елордаға қоныс аударғандарға беру үшін "Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық жылжымайтын мүлік" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (бұдан әрі - "Жылжымайтын мүлік" МКК) берілетін болады.
Іс-шаралар жоспардың шеңберінде Астана қаласының әкімдігі сатып алған тұрғын үйлерді іріктеу және бөлу мәселелері бойынша ұсынысты әзірлеу мақсатында тиісті Комиссия құрылады.
Комиссия осы Жоспарға және Комиссия туралы ережеге сәйкес Астана қаласының әкімдігі ұсынған пайдалануға берілген тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) туралы материалдарды зерделеуді сол жерге барып жүзеге асырады, кейіннен оларды мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде елордаға қоныс аударғандар арасында бөлу үшін орталық мемлекеттік органдарға берілетін пәтерлердің тізбесін жасайды.
Орталық мемлекеттік органдар бойынша пәтерлер санының квотасын Премьер-Министрмен келісім бойынша Комиссия айқындайды.
Комиссия әрбір тұрғын үй (тұрғын ғимарат) бойынша пәтерлердің жалпы санына пайыздық қатынасы бойынша әрбір мемлекеттік органға бөлінетін пәтер санын айқындайды.
"Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК-ға берілетін тұрғын үй қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерге басым тәртіппен беріледі, олардың құқықтық режимі қызметтік тұрғын үйге теңестірілуі мүмкін, бұл ретте, орталық мемлекеттік органдардың басқа мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй тұрғын үйді жалдау шартымен берілетін болады.
Елорданы көшіруге байланысты Астана қаласына қоныс аударған және тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген (бөлме санына қажеттілікті көрсете отырып) мемлекеттік қызметшілердің тізімін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасайды және тиісті шешім қабылдау үшін Комиссияның қарауына енгізеді.
Қоныс аударған мемлекеттік қызметшілер берілген пәтерден бас тартқан жағдайда орталық мемлекеттік орган оны қайта бөлуі мүмкін.
Тұрғын үй беруге ұсыныс жасалған (жалдау шарттарымен) мемлекеттік қызметшілердің тізімі жыл сайын орталық мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиялары отырыстарының хаттамаларымен бекітіледі және "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК-ға тапсырылады.
Жалдау (жалға алу) шарттары бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады, бұл ретте, жалдау (жалға алу) шартын бұзуға негіз болмаған жағдайда, орталық мемлекеттік орган ұсынатын тізімге сәйкес ол келесі мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Пәтер мемлекеттік қызметшінің жалдау (жалға алу) шартының талаптарын орындамауына байланысты және өзге де себептер бойынша босатылған жағдайда орталық мемлекеттік орган оны тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілердің арасында қайта бөлуі мүмкін.".
4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбаcары Ө.Е. Шекеевке жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қыркүйектегі
N 1482 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан
тұрғын үй беру ережесі
1. Осы Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ереже мемлекетке меншік құқығында тиесілі және мемлекеттік кәсіпорынның қарамағындағы (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын үйлерге қолданылады.
3. Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа адамдарға беріледі.
4. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді меншікке сатып алу (жекешелендіру) не оны ауыстыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне мемлекеттік
кәсіпорынның тұрғын үй қорынан, оның ішінде жалдау шарттарында
тұрғын үй беру
5. Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлеріне беріледі.
6. Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою үшін мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлері мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігіне:
мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігі белгілейтін нысан бойынша есепке қою туралы өтініш;
өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
өтініш берушінің (жұбайының/жарының) сол елді мекендегі жұмыс орнынан анықтаманы;
некеге тұру туралы (некені бұзу, жұбайының/жарының қайтыс болуы туралы куәліктің) және балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын;
еңбек кітапшасының кадр қызметі растаған көшірмесін немесе қызметтік тізімінен үзіндіні;
азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабы) нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтаманы тапсырады.
Қажет болған жағдайда өтініш беруші мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің отбасында ауыр сырқат түрімен ауыратын адамның болуы туралы анықтамасын тапсырады, бұл қосымша тұрғын бөлмеге құқық береді.
7. Мемлекеттік кәсіпорындар жанынан мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің өтініштерін қарайтын тұрғын үй комиссиялары құрылады.
8. Мемлекеттік, оның ішінде жалдау шарттарымен тұрғын үйді беру мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігінің шешімімен ресімделеді.
Мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігінің мемлекеттік тұрғын үй беру туралы шешімі 3 данада жасалады, олардың біреуі мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігінде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға беріліп, қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және мемлекеттік тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады.
3. Басқа адамдарға мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан,
оның ішінде жалдау шарттарымен тұрғын үй беру
9. Мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй басқа адамдарға, оның ішінде тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге берілуі мүмкін.
10. Мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік тұрғын үй қорынан орталық мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - ОМО) мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй беру үшін орталық мемлекеттік органдардың арасында тұрғын үйді бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлейтін Комиссия құрылады.
Тұрғын үй беруге ұсынылған, оның ішінде жалдау шарттарымен тұрғын үй берілетін ОМО мемлекеттік қызметшілерінің тізімін орталық мемлекеттік органдардың жанынан құрылған тұрғын үй комиссиялары жыл сайын бекітеді.
Көрсетілген тізім осы Ереженің 6-тармағында санамаланған құжаттармен қоса мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігінің атына жіберіледі.
Мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігі орталық мемлекеттік органдардың тұрғын үй комиссияларының ұсынымдары негізінде тұрғын үй беру туралы, оның ішінде жалдау шарттарымен шарттар жасасады.
Жалдау (жалға алу) шарты бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады, бұл ретте, жалдау (жалға алу) шартын бұзуға негіз болмаған жағдайда, ол орталық мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиясы ұсынатын тізімге сәйкес келесі мерзімге ұзартылуы мүмкін.
11. Мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігінің ОМО-ның мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік тұрғын үй беру туралы шешімі 4 данада жасалады, олардың біреуі мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігінде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға, үшіншісі орталық мемлекеттік органдарға беріліп, қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, төртіншісі өтініш берушіге беріледі және мемлекеттік тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады.
12. Пәтер ОМО мемлекеттік қызметшісінің жалдау (жалға алу) шартының талаптарын орындамауына байланысты және өзге де себептер бойынша босатылған жағдайда, орталық мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиясы оны ОМО-ның тұрғын үйге мұқтаж өзге мемлекеттік қызметшілерінің арасында қайта бөлуі мүмкін.
13. Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж басқа азаматтарға тұрғын үй беру үшін мемлекеттік кәсіпорындардың жанынан тұрғын үй комиссиялары құрылады, олардың шешімдері бойынша мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігі жалдау (жалға алу) шартын жасау арқылы тұрғын үй, оның ішінде жалдау шарттарымен тұрғын үй береді.
14. Мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігінің мемлекеттік тұрғын үй беру туралы шешімі 3 данада жасалады, олардың біреуі мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігінде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға беріліп, қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және мемлекеттік тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қыркүйектегі
N 1482 қаулысымен
бекітілген
Орталық мемлекеттік органдарға бөлуге арналған тұрғын үйді
іріктеу және бөлу жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Орталық мемлекеттік органдарға бөлуге арналған тұрғын үйді іріктеу және бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) шеңберінде Астана қаласының әкімдігі сатып алған тұрғын үйді іріктеу және бөлу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын Іс-шаралар жоспарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
1) Іс-шаралар жоспары шеңберінде Астана қаласының әкімдігі сатып алған тұрғын үйді іріктеу;
2) кейіннен оларды мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде астанаға қоныс аударғандарға беру үшін орталық мемлекеттік органдардың арасында осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұрғын үйді бөлу.
5. Комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен өз міндеттерін жүзеге асыру үшін:
орталық мемлекеттік органдар мен Астана қаласының әкімдігінен және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
Астана қаласының әкімдігі ұсынған материалдарды сол жерге барып зерделеуге, кейіннен мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде астанаға қоныс аударғандарға бөлу үшін орталық мемлекеттік органдарға берілетін пәтерлердің тізбесін жасауға;
Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар тартуға;
Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссия отырыстарында орталық мемлекеттік органдардың, Астана қаласы әкімдігінің және өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға құқығы бар.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Комиссия әрбір тұрғын үй (тұрғын ғимарат) бойынша пәтердің жалпы санының пайыздық қатынасы бойынша әрбір мемлекеттік органға бөлінетін пәтер санын айқындайды.
Бөлінген пәтерден бас тартуды мемлекеттік орган Комиссия төрағасының атына жазбаша нысанда ресімдейді. Жазбаша бас тарту алынған жағдайда аталған пәтер басқа мемлекеттік органға ұсынылады.
7. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі үшін жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
8. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстан кейін хаттама ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
9. Комиссияның жұмыс органы Астана қаласының әкімдігі болып табылады, ол Комиссияның отырысына дейін бес күн бұрын Комиссия мүшелеріне барлық қажетті материалдарды ұсынады.
10. Комиссияның отырысы қажетіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет оның мүшелерінің үштен екісі болған кезде өткізіледі.
11. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелері санының көпшілік даусы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
12. Комиссия отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша хаттама жасалып, оған оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қояды.
6. Комиссияның қызметін тоқтату
13. Комиссияның қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қыркүйектегі
N 1482 қаулысымен
бекітілген
Орталық мемлекеттік органдарға бөлуге арналған тұрғын үйді
іріктеу және бөлу жөніндегі комиссияның құрамы
Әбдірахымов - Қазақстан Республикасының
Ғабидолла Рахметоллаұлы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы,
төраға
Бекетаев - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Ыбыраева - Қазақстан Республикасы
Амангүл Құмарбекқызы Премьер-Министрінің Кеңсесі Мемлекеттік
қызмет және кадр жұмысы бөлімінің сектор
меңгерушісі, хатшы
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Фархат Шаймұратұлы министрлігінің жауапты хатшысы
Шәженова - Қазақстан Республикасы Экономика және
Дина Мэлсқызы бюджеттік жоспарлау министрлігінің
жауапты хатшысы
Шолпанқұлов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы вице-министрі
Зейнелғабдин - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Алтай Болтайханұлы бақылау жөніндегі есеп комитетінің
мүшесі (келісім бойынша)
Көмекбаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Әли Амантайұлы қызмет істері агенттігі төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Тихонюк - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Николай Петрович тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
агенттігі төрағасының орынбасары
Пепенин - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Анатолий Сергеевич Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр
жұмысы бөлімінің меңгерушісі
Хорошун - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Сергей Михайлович
Испанов - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Ілияс Сапарбекұлы Экономика және қаржы департаментінің
бастығы (келісім бойынша)
Тұяқпаев - "Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы"
Бейбітжан Шипатайұлы мемлекеттік мекемесінің шаруашылық
жүргізу құқығындағы "Қалалық жылжымайтын
мүлік" мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қыркүйектегі
N 1482 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді немесе жеке
тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын
үйді жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгі шарты
____________ қаласы 20__ жылғы "__" ____________
Жалға беруші ______________________ атынан Жарғының (тіркеу нөмірі _______ ) негізінде әрекет ететін ______________ және бұдан әрі Жалға алушы деп аталатын, ҚР ІІМ/Әділетмині ___ ж. ____ берген жеке куәлігінің N ________ азамат(ша) ________________________ мына төмендегілер туралы осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгі шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Жалға беруші Жалға алушыға және оның отбасы мүшелеріне пайдалы алаңы _____ шаршы метр, мынадай мекен-жайдағы: __________ көшесі, ___ үй, ______ пәтер, тұрғын үйді жалға (жалға алуға) (уақытша пайдалануға және ақылы пайдалануға) береді, оның сипаттамасы тұрғын үйді қабылдау-беру актісінде келтірілген.
2. Мемлекеттік тұрғын үйді (бөлмені, пәтерді) жалдау (жалға алу), оны күтіп ұстау, коммуналдық және басқа да қызметтер үшін белгіленген тарифтер, сондай-ақ Жалға алушы енгізетін басқа да ай сайынғы төлемдердің мөлшері Жалға беруші ұсынатын төлем құжаттарында жазылуға тиіс.
2. Есеп айырысуды жүргізу тәртібі
3. Тұрғын үйге (бөлмеге, пәтерге) ақы төлеу айына__ теңгені, оның ішінде тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін төлем__ теңгені құрайды.
4. Шарт бойынша бүкіл есеп айырысулар мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) Жалға алушы шарт жасасқан сәттен бастап тұратын алғашқы айға толық көлемде алдын ала төлем жасайды;
2) одан кейінгі төлемді Жалға алушы есептесу кезеңінен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей жүргізеді. Төлем мерзімдері сақталмаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күнге төлем сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
5. Жалға алушы тұрғын үйді, инженерлік желілерді және ортақ пайдаланылатын орындарды тұрғын үй, үй-жай элементтерінің техникалық сипаттамасының нашарлауына, ақауына, бүлінуіне, қирауына алып келетіндей күтіп ұстамаған кезде Жалға беруші келтірілген зиян мөлшерінде айыппұл есептейді, ал Жалға алушы төлейді. Өсімпұл, айыппұл есептеу Тараптарды өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындаудан және бұзушылықтарды жоюдан босатпайды.
6. Шарт бойынша бір айдан артық ақы (белгісіз себептермен) төленбеген жағдайда Жалға беруші сотта істі қарауға байланысты барлық шығындардың орнын толтыра отырып, Жалға алушыдан төлемді мәжбүрлеп талап ету туралы сотқа жүгінуге құқылы.
7. Пайдалануға арналған шығасылар, шығыстар, тарифтер, салықтық төлемдер және басқа да аударымдар ұлғайған кезде тұрғын үйді жалдау (жалға алу) ақысын өзгерту құқығын Жалға беруші өзіне қалдырады.
8. Жалға беруші:
1) берілген тұрғын үйде (пәтерде) тұрып жатқан Жалға алушыдан және оның отбасы мүшелерінен тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды пайдалану ережесін, тұрғын үйлер мен үй маңындағы аумақты күтіп ұстау ережесін сақтауды талап етуге;
2) Жалға алушының немесе Жалға алушы отбасының кәмелетке толған мүшесінің келісімі бойынша және қатысуымен берілген тұрғын үйдің тұрғын және қосалқы үй-жайларының техникалық қондырғылары құрастырмаларының жай-күйіне тексеру жүргізуге;
3) осы Шартты "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және осы Шартта көзделген тәртіппен және негіздерде бұзуға;
4) егер Жалға алушы және онымен бірге тұратын адамдар тұрғын үйді (пәтерді, бөлмені) бүлдірген немесе мақсаты бойынша пайдаланбаған болса, ақы төлеуден қатарынан үш ай бойы жалтарса және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген басқа да жағдайларда, оларды басқа тұрғын үй-жай берместен, оның ішінде сот тәртібімен тұрғын үйден шығаруға;
5) Жалға алушыдан осы Шарттың 5-тармағына сәйкес айыппұл өндіріп алуға құқылы.
9. Жалға алушы:
1) өзі орналасатын тұрғын үйге мынадай отбасы мүшелерін қоныстандыруға:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________;
2) өзі және өзінің отбасы мүшелері алты айдан артық мерзімде болмаған кезде Жалға берушіні бұл туралы жазбаша хабардар еткен және осы кезеңде тұрғын үйді тікелей күтіп ұстауға байланысты тұрғын үйге қызмет көрсету, жөндеу және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін төлемдер сомасын енгізген жағдайда тұрғын үйді пайдалану құқығын өзіне қалдыруға;
3) Жалға алушының Жалға алушысы уақытша болмайтын тұрғын үйде тұрып жатқан, Шарттың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген отбасы мүшелері бұрынғы талаптар бойынша бүкіл тұрғын үйді пайдалануға құқылы. Бұл ретте олар осы Шарт бойынша құқықтарды жүзеге асырады және міндетті болады;
4) қажет болған жағдайда, Жалға берушіден тексеру актісін жасай отырып, берілген тұрғын үйдің (пәтердің), оның ішінде құрастырмалар мен техникалық құрылғылардың жай-күйіне жоспардан тыс тексеру жүргізуді талап етуге құқылы;
5) Шарт бойынша өзі қабылдаған міндеттемелерді орындайтын Жалға алушының жаңа мерзімге арналған жалдау шартын жасауға басым құқығы болады.
10. Жалға беруші:
1) Жалға алушыға белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға жауап беретін жай-күйдегі тұрғын үй беруге;
2) жалға (жалға алуға) берілген тұрғын үйдің (пәтердің) техникалық құрылғыларын тұрғын үйді және үй маңындағы аумақты пайдаланудың және күтіп ұстаудың белгіленген талаптары мен ережелеріне сәйкес күтіп ұстауды жүзеге асыруға;
3) осы елді мекеннің жағдайына қарай көрсетілетін тұрғын үй - коммуналдық қызметтердің толық жинағын ұсынуды қамтамасыз етуге;
4) Жалға алушының талабы бойынша оны тұрғын үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтерге арналған тарифтермен және есептемелермен таныстыруға;
5) егер тұрғын үй тараптарға байланысы жоқ мән-жайлардың әсерінен мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз жай-күйге, авариялық жай-күйге түссе немесе бұзылуға тиіс болса, Жалға беруші үш ай мерзім ішінде Жалға алушымен өзге тұрғын үйді жалдау шартын жасасуға не Жалға алушының қалауы бойынша осы Шартты бұзуға;
6) авариялар болған жағдайда, оларды жою үшін дереу барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
11. Жалға алушы:
1) егер осы Жалдау шартының айрықша талаптарымен өзгеше ескертілмеген болса, жалға алынған үйді мақсатына сай пайдалануға;
2) тұрғын үйді техникалық жарамды және тиісті санитарлық жағдайда күтіп ұстауға, өз есебінен ағымды жөндеу жүргізуге, жыл сайын жылыту маусымы басталғанға дейін тұрғын үйдің терезелерін, балконы мен кіреберіс есіктерді жылылауды жүргізуге;
3) тұрғын үйді, ортақ пайдаланылатын орындарды пайдаланудың белгіленген ережелерін, тұрғын үйді және үй маңындағы аумақты күтіп ұстау ережелерін, өртке қарсы және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға;
4) жалға (жалға алуға) берілген тұрғын үйдің суды, электр энергиясын, жылу энергиясын есептеу аспаптарының, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерінің, басқа элементтерінің анықталған ақаулары туралы Жалға берушіге уақтылы хабарлауға;
5) тұрғын үйді қайта жаңартуды, қайта жоспарлауды және қайта жабдықтауды жүргізбеуге;
6) тұрып жатқан тұрғын үйді (пәтерді, бөлмені) басқа жалға алушылармен ауыстыруды жүргізбеуге;
7) үй-жайларда заттарды үйіп тастамауға, жарылғыш, улы, өрт қауіпті заттар мен бұйымдар сақтамауға;
8) осы Шарт талаптарына сәйкес тұрғын үйді жалдау (жалға алу), тұрғын үйді күтіп ұстау, коммуналдық және басқа да қызметтерді тұтынғаны үшін төлемдер жасауға;
9) күндізгі уақытта, ал авариялар кезінде түнгі уақытта да тұрғын үйдің элементтерін қарауды және жөндеуді жүргізу үшін Жалға берушінің жұмысшылары мен тұрғын үйге қызмет көрсететін және жөндейтін кәсіпорынның өкілдерін кіргізуге;
10) Жалға берушіге Жалға алушының немесе онымен бірге тұрып жатқан адамдардың кінәсінен болған тұрғын үйдің, жалпы пайдаланылатын орындардың, тұрғын үй мен оның жабдықтарының бүлінуіне байланысты залалдарды белгіленген тәртіппен өтеуге міндетті;
11) Жалға алушының уақытша болмауы оны осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
5. Жалдау шартын жасасудың негіздері
12. __________________________________________________________ 20__ жылғы "___" _____________ N ___ шешімі осы жалдау шартын жасасудың негізі болып табылады.
6. Жалдау шартын тоқтатудың негіздері, зардаптары және тәртібі
13. Шарт мына жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады:
1) Жалдау шартының Тараптар белгілеген мерзімі біткенде;
2) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және талаптарда Жалдау шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға жол беріледі;
3) Жалға алушының және оның отбасы мүшелерінің басқа жерге тұрғылықты мекенге кетуі.
14. Егер "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, Жалдау шарты тоқтатылған не бұзылған жағдайда Жалға алушы өзімен бірге тұратын барлық адамдармен бірге басқа тұрғын үй-жай берілместен, шығарылуға тиіс.
15. Жалға алушының жеке қаражатына жүргізілген үй-жай құрастырмаларына зиян келтірмей бөліп алынбайтын тұрғын үйді жақсарту Жалға берушіге тұрғын үймен бірге тапсырылады және Жалға берушінің тарапынан өтеуге жатпайды.
16. Жалдау шартын тоқтату, бұзу кезінде екі тарап өкілдерінің қатысуымен тұрғын үйді Жалға алушыдан Жалға берушіге тапсыру актісі жасалады.
17. Жалдау шарты кез келген тараптың бастамасы бойынша кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, кез келген уақытта бұзылуы, тоқтатылуы мүмкін.
18. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 107-бабының негіздері бойынша бұзылған Жалдау шартын қалпына келтіру жүргізілмейді.
7. Тұрғын үйді қабылдау-беру мерзімі және тәртібі
19. Жалға беруші құзыретті органның шешіміне қол қойылғаннан және осы Жалдау шарты жасалғаннан кейін бес күн ішінде Жалға алушыға тұрғын үйді (бөлмені, пәтерді) қабылдау-беру актісі бойынша тапсырады.
20. Жалға алушы тұрғын үйді Жалдау шартын тоқтату, бұзу мерзімдері аяқталған кезден бастап бір күн ішінде Жалға берушіге тұрғын үйді тапсыру актісі бойынша тапсырады.
21. Тұрғын үйді қабылдау-беру актісі және тұрғын үйді тапсыру актісі екі Тараптың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жасалады, Жалдау шартының ажырамас бөлігі болып табылады және тұрғын үйдің акт жасау кезіндегі санитарлық, техникалық жай-күйі мен басқа сипаттамалары тіркеледі.
22. Жалға беруші Жалға алушыға осы Жалдау шартында көзделген міндеттерді орындамау нәтижесінде келтірілген материалдық зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтейді.
23. Жалға алушының кінәсінен тұрғын үйдің кездейсоқ қирау тәуекелі Жалға алушыға жүктеледі.
24. Тараптардың арасындағы осы Жалдау шартын орындау кезінде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
25. Осы Жалдау шарты бірдей күші бар екі данада жасалды және Жалға беруші мен Жалға алушыда сақталады.
26. Мыналар Жалдау шартының ажырамас бөлігі болып табылады:
берілетін тұрғын үйді Жалға алушының қабылдау-беру актісі;
тұрғын үйді Жалға берушіге тапсыру актісі.
27. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жазылса және оларға екі тарап та қол қойса, олар жарамды болады.
10. Жалдау шартының айрықша талаптары
28. Жалға беруші Жалға алушының келісімімен Жалдау шартының мынадай айрықша талаптарын атап көрсетеді: __________________________
____________________________________________________________________
11. Шарттың қолданылу мерзімдері
29. Осы Шарт 20__ жылғы "___" ______ дейінгі мерзімге жасалған.
Жалға беруші ________________
Жалға алушы __________________
М.О.
Шарттың талаптарымен таныстырылды:
Жалға алушының отбасы мүшелері:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________