Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" деген функционалдық топта:
205 "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" деген әкімші бойынша:
009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері" деген бағдарламада:
"Астана қаласы" деген кіші бөлімде:
"Астана қаласындағы теннис кешенінің құрылысы" деген жолда:
2-бағандағы "Астана қаласындағы теннис кешенінің құрылысы" деген сөздер "Астана қаласындағы теннис кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және салу" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-бағандағы "1 583 590" деген сандар "507 150" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қазақстан" спорт сарайын хоккей-жаттығу қосымша ғимаратын сала отырып, қалпына келтіру" деген жолда:
2-бағандағы "Қазақстан" спорт сарайын хоккей-жаттығу қосымша ғимаратын сала отырып, қалпына келтіру" деген сөздер "Астана қаласындағы "Қазақстан" спорт сарайын сырғанақ тебетін мұз айдынын қосымша сала отырып, жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және қалпына келтіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-баған "545 664" деген сандармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Астана қаласында теннис кортын салу 530 776".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов