Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
12 "Көлік және коммуникация" деген функционалдық топта:
215 "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген әкімші бойынша:
002 "Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту" деген бағдарламада:
016 "Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен" деген кіші бағдарламада:
3-бағанда:
"Атырау-Ақтау автожолының "Қарабатан-Бейнеу" учаскесін қайта жаңарту" деген жолда "5 976 800" деген сандар "5 967 327" деген сандармен ауыстырылсын;
"Астана-Алматы" автожолын қайта жаңарту" деген жолда "93 000" деген сандар "102 473" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов