Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 1265 Қаулысы

Қолданыстағы

      "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      04 "Білім беру" деген функционалдық топта:
      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген әкімші бойынша:
      005 "Білім және ғылым объектілерін салу және реконструкциялау" деген бағдарламада:
      "Қазақстан Республикасының орталық ғылыми кітапханасы" РМҚК ғимараттарының кешенін қайта құрылымдау" деген жолда 3-бағандағы "200 000" деген сандар "620 000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Астана қаласында дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат салу" деген жолда 3-бағандағы "793 269" деген сандар "1 383 636" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 560 орынға арналған жатақханасын салу" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"


Қарағанды облысы

Қарағанды облысының Қарағанды қаласында көру қабілетінің проблемалары бар балаларға арналған 250 орындық мектеп-интернат салу

207 198



";

      "Павлодар облысы Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы үшін қызмет көрсететін және техникалық мамандарды дайындау және қайта дайындауға арналған 700 орындық өңіраралық кәсіби орталық салу" деген жолда 3-бағандағы "2 808 047" деген сандар "1 797 680" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында өңдеу саласы үшін қызмет көрсететін және техникалық мамандарды дайындау және қайта дайындауға арналған 700 орындық өңіраралық кәсіби орталық салу" деген жолда 3-бағандағы "911 088" деген сандар "703 890" деген сандармен ауыстырылсын;
      12 "Көлік және коммуникация" деген функционалдық топта;
      215 "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген әкімші бойынша:
      028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көліктік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері" деген бағдарламада:
      "Астана қаласында әуежайдан N 19 көшеге дейін Гастелло көшесін салу" деген жолда:
      3-бағандағы "1 000 000" деген сандар "272 248" деген сандармен ауыстырылсын;
      5-баған "727 752" деген сандармен толықтырылсын;
      "Астана қаласында Угольная, N 14, N 12 және Бейсекова көшелерімен өтетін магистральды жол салу" деген жолда:
      3-бағандағы "3 290 695" деген сандар "4 921 756" деген сандармен ауыстырылсын;
      5-бағандағы "5 000 000" деген сандар "3 368 939" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Астана қаласында университет қалашығынан Манас көшесіне дейін N 41 көшені салу" деген жолда:
      3-бағандағы "500 000" деген сандар "601 899" деген сандармен ауыстырылсын;
      5-бағандағы "1 786 755" деген сандар "1 684 856" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Астана қаласында Манас даңғылынан университет қалашығына дейін  N 42 көшені салу" деген жолда:
      3-бағандағы "500 000" деген сандар "194 792" деген сандармен ауыстырылсын;
      5-бағандағы "1 719 779" деген сандар "2 024 987" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Астана қаласында N 1 жоспарлау ауданының (N 19 көшесінің оңтүстігінде) инженерлік желілері мен жолдары" деген жолда:
      3-бағандағы "1 410 837" деген сандар "710 837" деген сандармен ауыстырылсын;
      5-баған "700 000" деген сандармен толықтырылсын;
      "Астана қаласында Сарыарқа көшесінен солтүстік айналма жолындағы көлік айырымына дейін Бөгенбай даңғылын қайта жаңарту" деген жолда:
      3-бағандағы "4 000 000" деген сандар "3 839 325" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Астана қаласында Сарыарқа көшесінен солтүстік айналма жолындағы көлік айырымына дейін Бөгенбай даңғылын қайта жаңарту" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"


Астана қаласында Манас көшесінен бастап Мирзоян көшесіне дейінгі учаскеде Фабричная (Вавилов) көшесін қайта жаңарту

160 675



".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов