РҚАО-ның ескертпесі!
Тақырыпты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. "Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің Арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығы" акционерлік қоғамы жеке күзетшілерді, жеке күзет ұйымында, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшесінде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінде күзетші қызметін атқаратын қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлауды (арнаулы оқыту курсы) жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған оку орталықтарының бірі ретінде белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің "Сардар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 маусымдағы N 818 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
2-тармақтың 1) тармақшасы "қызметін" деген сөзден кейін ", сондай-ақ жеке күзетшілерді, жеке күзет ұйымында, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшесінде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінде күзетші қызметін атқаратын қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлауды (арнаулы оқыту курсы)" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов