Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің "Сардар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 маусым N 818

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы N 1641 P001641_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 538-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасында: "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары" деген 9-бөлімде: "Заңнаманы жетілдіру, қылмысқа қарсы күрестің құқықтық базасын нығайту" деген 1-тарауда: реттік нөмірі 3-жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қаңтардағы N 140 P010140_ қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарында: реттік нөмірі 17-жол алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Икебаева А.Ж.