Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 шілдедегі N 1096 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 465 қаулысының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдар (келісім бойынша) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 18 шілдедегі
N 1096 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық
қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша электр энергиясына шекті тарифтерді қолдану нәтижелерін талдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, электр станциялары (келісім бойынша)

Жыл сайын, 2010 жылғы 20 қаңтар, 2011 жылғы 20 қаңтар, 2012 жылғы 20 қаңтар

2

Электр энергетикасы саласындағы субъектілердің қызметін реттеудің саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және электр энергиясы нарығындағы бәсекелестік қатынастарды дамытуға бағытталған әдістерін жетілдіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА

2010 жылғы 20 сәуір

3

Электр энергиясындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру және электр энергиясы нарығының оңтайлы құрылымының моделін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА,"КЕGОС" АҚ (келісім бойынша), "КОРЭМ" АҚ (келісім бойынша), ҚЭҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы 20 шілде

4

Электр энергетикасы саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі өлшемдерін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА

2010 жылғы 20 қазан

5

Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторының сауда алаңын пайдалана отырып, Орталық Азия энергетикалық сауда алаңы негізінде электр энергиясының мемлекетаралық нарығының моделін қалыптастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), "КОРЭМ" АҚ (келісім бойынша), "КЕGОС" АҚ (келісім бойынша), ҚЭҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 20 қаңтар

6

Электр қуаты нарығының моделін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА, "КЕGОС" АҚ (келісім бойынша), "КОРЭМ" АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 20 наурыз

7

"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына электр энергетикасында нарықтық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

Заң жобасының тұжырымдамасын Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу

ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, БҚА, ЭБЖМ

2011 жылғы 20 қазан

Ескертпе: аббревиатураларды ң толы қ жазылуы:

БҚА                - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
                     қорғау агенттігі
ТМРА               - Қазақстан Республикасы Табиғи
                     монополияларды реттеу агенттігі
ЭБЖМ               - Қазақстан Республикасы Экономика және
                     бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ               - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                     минералдық ресурстар министрлігі
ҚЭҚ                - Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы
"КЕGОС" АҚ         - "Электр желілерін басқару жөніндегі
                     қазақстан компаниясы" "КЕGОС" (Каzаkhstаn
                     Еlеktrісіtу Grіd Ореrаtіng Соmраny)
                     акционерлік қоғамы
"КОРЭМ" АҚ         - "Электр энергиясы мен қуаты нарығының
                     қазақстандық операторы" акционерлік қоғамы
электр станциялары - уәкілетті органмен энергия өндіруші
                     ұйымдардың жаңа активтерді құруға, қолда бар
                     активтерді кеңейтуге, жаңартуға, қолдауға,
                     қайта жаңартуға және техникалық қайта
                     жарақтандыруға бағытталған іс-шараларды іске
                     асыру жөніндегі инвестициялық
                     міндеттемелерін көздейтін келісім
                     жасасқан энергия өндіруші ұйымдар