Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 678 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 321-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 678 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 тамыздағы N 679 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 27, 317-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 13 шілдедегі
N 1061 қаулысымен
бекітілген
Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесі
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.08 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесі (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және жергiлiктi бюджеттердің жобаларын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.
2. Жергiлiктi бюджеттердің жобаларын әзiрлеу үдерісі:
1) өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы болжамының жобасын әзірлеуді және оны жергiлiктi атқарушы органның мақұлдауын;
2) атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемі, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар стратегиялық жоспарлар, бюджеттік өтінімдер әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлеуді және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауын;
3) жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзірлеуді қамтиды.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі мен мерзімдеріне сәйкес мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган әзiрлейдi.
Ескерту. 1-бөлім 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
әлеуметтiк-экономикалық дамуы болжамының жобасын әзiрлеу
Ескерту. 2-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана
бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың
стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық
жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын әзірлеу,
стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін жергілікті бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының
жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдерін әзiрлеу
Ескерту. 3-бөлімнің атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінiң шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
Нәтижелердi бағалау жүргiзiлген жағдайда, Ереженің осы тармағында көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары әр үш жыл сайын Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде бес жылдық кезеңге
әзірленеді.
12. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлiнеді.
Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру жағдайында басталған (жалғасатын) бюджеттiк инвестициялық жобаларға және концессиялық жобаларға жұмсалатын шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
Мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi орындауға және мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, сондай-ақ трансферттер төлеуге және жергiлiктi атқарушы органның басқа да мiндеттемелерiне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:
1) кейіннен жаңа бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтiк-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын iске асыруға;
2) макроэкономикалық және әлеуметтiк көрсеткiштердiң өзгеруiне байланысты емес және iс жүзiндегi бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiн кеңейтудi) көздейтiн базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
13. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi шығыстарының көлемін базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөледі.
Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткiштер негiзiнде есептелген кезектi жоспарлы кезеңнiң үшiншi жылына арналған болжамды көлемдердi қоса отырып, ағымдағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдары шығыстарының бекiтiлген көлемi негiзiнде айқындалады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгiленген өңірдің даму басымдықтарын, есептi қаржы жылының бюджеттiк мониторинг нәтижелерiн, есептi қаржы жылындағы стратегиялық жоспарды iске асыру туралы есептердi, нәтижелердi бағалауды ескере отырып бөлiнуге тиiс.
14. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жаңа бастамаларға арналған шығыстарды жоспарлауы қосымша бюджет қаражатын бөлу есебінен де, алдыңғы жоспарлы кезеңде облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен де жүзеге асырылады.
15. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) шығыстарының түрлерi бойынша есептеулер жасалмайды.
Осы бағдарламалар шығыстарының түрлерi бойынша есептеулер үшiншi жылға ғана жасалады.
Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және (немесе) үшiншi жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда шығыстар түрлерi бойынша есептер осы бағдарламаларға (кiшi бағдарламаларға) жоспарланатын жоспарлы кезең жылдары бөлiнiсiнде жасалады және ұсынылады.
16. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін ескере отырып:
1) стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлар жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан;
3) стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларының құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан;
4) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларында ұсынылған нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17-1. Жергілікті бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілмеуіне әкеп соқтырған себептерді;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарлардың іске асырылуы туралы есептерді және бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізу бөлігінде бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін;
3) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өтінім берген шығыстарды оның негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есепке облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары берген қорытындылары мен ұсынымдарын ескереді;
4) жаңа бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобаның өтімділігі, жоба аяқталғаннан кейін оны ұстауға арналған шығыстардың негіздемесі, жалғасатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша – бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мониторингінің нәтижелері қаралады;
5) бюджеттік кредиттер бойынша кредиттік шарт талаптарының орындалуы және бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы ескеріледі;
6) нысаналы трансферттер бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді талдау ескеріледі, олардың шешілуіне нысаналы трансферттер бойынша келісім жобаларында көзделген нысаналы трансферттер бөлінеді.
Бюджеттiк өтiнiмнің жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган оны қарамастан жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне қайтарады.
Ескерту. 3-бөлім 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
18. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдердi қайтарылған жағдайда пысықтайды және оларды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ұсынады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қараудың қорытындысы бойынша келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша қорытындылар қалыптастырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына жібереді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
19. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган арасындағы келiспеушiлiктердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы қарайды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы 17 және 18-тармақтарда көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
20. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға пысықталған бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ұсынады.
4. Мәслихаттың облыстық бюджет, республикалық маңызы бар
қала, астана бюджетi туралы шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
21. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуы болжамының негізінде облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірмей аяқталады.
22. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджет комиссиясының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасы бойынша ұсыныстары негiзiнде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын әзiрлейдi және оны ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының қарауына ұсынады.
23. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 72-бабында көзделген талаптарды ескере отырып әзiрленедi.
24. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртiппен ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгiзедi.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамын;
2) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобаларын;
3) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;
4) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.
5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлері болжамының жобасын әзірлеу
Ескерту. 5-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары
жобаларын әзірлеу және ауданның (облыстық маңызы бар
қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы
органдардың бюджеттік өтінімдерін әзірлеу
Ескерту. 6-бөлімнің атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
32. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiмдердi, стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
Нәтижелерге бағалау жүргiзiлген жағдайда, аталған Қағидалардың осы тармағында көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
33. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстары базалық шығыстар мен жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлiнеді.
Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру жағдайында басталған (жалғасып жатқан) бюджеттiк иннестициялық жобаларға және концессиялық жобаларға жұмсалатын шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
Мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi орындауға және мемлекеттiк қызметтер көрсетуге және де жергiлiктi атқарушы органның басқа да мiндеттемелерiне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:
1) кейiннен жаңа бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтiк-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын iске асыруға;
2) макроэкономикалық және әлеуметтiк көрсеткiштердiң өзгеруiне байланысты емес және iс жүзiндегi бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiн кеңейтудi) көздейтiн базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
34. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының көлемi базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөлінедi.
Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткiштері негiзiнде есептелген кезектi жоспарлы кезеңнiң үшiншi жылына арналған болжамды көлемдердi қоса отырып ағымдағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдары шығыстарының бекiтiлген көлемi негiзiнде анықталады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгiленген өңiрдiң даму басымдықтарын, есептi қаржы жылының бюджеттiк мониторинг нәтижелерiн, нәтижелердi бағалауды ескере отырып бөлiнуге жатады.
35. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жаңа бастамаларға арналған шығыстарды жоспарлауы қосымша бюджет қаражатын бөлу есебi сияқты бұған дейiнгi жоспарлы кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен де жүзеге асырылады.
36. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұған дейiнгi жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) шығыстарының түрлерi бойынша есептер жасалмайды.
Осы бағдарламалар шығыстарының түрлерi бойынша есептер тек қана үшiншi жылға жасалады.
Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұған дейiнгi жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығыстар түрлерi бойынша есептер жоспарланған жоспарлы кезеңнің жылдары бөлінісінде жасалады және беріледі.
37. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
38. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін ескере отырып:
1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, қолданыcтағы заттай нормалар мен стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкестiгi тұрғысынан;
2) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
38-1. Жергілікті бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілмеуіне әкеп соқтырған себептерді;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінім берген шығыстарды олардың негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есебіне облыстардың тексеру комиссиялары берген қорытындылар мен ұсынымдарды ескереді;
3) жаңа бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобаның өтімділігі, жоба аяқталғаннан кейін оны ұстауға арналған шығыстар негіздемесі, жалғасатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша – бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мониторингінің нәтижелері қаралады;
4) бюджеттік кредиттер бойынша кредиттік шарт талаптарын орындау және нысаналы мақсат бойынша бюджеттік кредитті пайдалану ескеріледі;
Бюджеттiк өтiнiм оның жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган, оны қарамастан жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне қайтарады.
Ескерту. 6-бөлім 38-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
39. Қайтарылған жағдайда, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдердi пысықтайды және қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша олар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша қорытындылар қалыптастырады және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
40. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган арасындағы келiспеушiлiктердi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қарайды.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы 38 және 39-тармақтарда көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
41. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға пысықталған бюджеттiк өтiнiмдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ұсынады.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi
туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
42. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамы негiзiнде жоспарлы кезеңге арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзедi.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасын қарау және анықтау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешiктiрмей аяқталады.
43. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджетiнiң жобасы бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстары негiзiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзiрлейдi және оны ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қарауына ұсынады.
44. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 73-бабында көзделген талаптар ескеріле отырып әзiрленедi.
45. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджетiнiң жобасын жергiлiктi атқарушы орган Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртiппен ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгiзедi.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамын;
2) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
3) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын нақтылайтын ақпаратты және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.