"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 маусымдағы N 1014 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 13-14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат, N 23, 114-құжат, N 24, 126-құжат; 2009 ж., N 6-7, 32-құжат):
      1) 15-баптың екінші бөлігінде:
      "175-бап" деген сөздерден кейін ", екінші, үшінші бөліктері" деген сөздермен толықтырылсын;
      "178-бап" деген сөздерден кейін ", екінші, үшінші бөліктері" деген сөздермен толықтырылсын;
      "181-бап" деген сөздерден кейін ", екінші, үшінші бөліктері" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 67-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Адамның қайтыс болуына немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.";
      3) 81-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Осы Кодексте көзделген қылмыстық істі ақтамайтын мән-жайлар бойынша қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатылған кәмелетке толмаған Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуге ұшырамайды.";
      4) 83-бап мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:
      "8. Осы Кодекстің 82-бабының бірінші бөлігінің б) және г) тармақтарында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мерзімі кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған кезде ұзақтығы алты айдан бір жылға дейін және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кезде бір жылдан екі жылға дейін белгіленеді.
      9. Кәмелетке толмаған адам тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын жүйелі түрде орындамаған жағдайда мамандандырылған мемлекеттік органның ұсынымы бойынша сот бұл шараны жояды және материалдар кәмелетке толмаған адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жіберіледі.";
      5) 96-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы о) тармағымен толықтырылсын:
      "о) кәмелеттік жасқа толмағаны белгілі адамды өлтіру, -";
      6) 122-бапта:
      бірінші абзацта "Он" деген сөз "1. Он" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "2. Ата-ана, педагог не жасы он алтыға толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған дәл сол әрекет, -
      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      7) 124-бапта:
      бірінші абзацта "Он" деген сөз "1. Он" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы "дәл сол" деген сөздер "үш жылдан бес жылға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "2. Ата-ана, педагог не жасы он төртке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған дәл сол әрекет, -
      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      8) мынадай мазмұндағы 132-1-баппен толықтырылсын:
      "132-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту
      1. Күш қолдану немесе күш қолданбақшы болып қорқыту, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе бүлдіру жолымен не алдау жолымен кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту -
      бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Ұйымдасқан топ, сол сияқты жезөкшелікпен айналысуға тартқаны не притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны не жеңгетайлық жасағаны үшін бұрын сотталған адам жасаған дәл сол әрекет -
      жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      9) мынадай мазмұндағы 273-1-баппен толықтырылсын:
      "273-1-бап. Кәмелетке толмаған адамдардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту
      1. Кәмелетке толмаған адамдардан порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды тарату, жария көрсету немесе жарнамалау мақсатында жасау, сақтау немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу не тарату, жария көрсету, жарнамалау, -
      порнографиялық материалдарды немесе заттарды, сондай-ақ оларды жасау немесе көрсету құралдарын тәркілеп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Жасы он сегізге толған адамның порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін орындаушылар ретінде кәмелетке толмаған адамдарды тартуы, -
      порнографиялық материалдарды және заттарды, сондай-ақ оларды жасау немесе көрсету құралдарын тәркілеп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген:
      а) ата-анасы, педагог не жасы кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған;
      б) жасы он төртке толмағаны белгілі адамға қатысты;
      в) алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер, -
      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж, N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж, N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж, N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 ж, N 12, 48-құжат; N 15-16, 62, 63-құжаттар; N 23, 114-құжат; 2009 ж, N 6-7, 32-құжат):
      1) 38-баптың бірінші бөлігінде:
      "67-бабында" деген сөздер "67-баптың екінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда оның жәбірленушімен бітімге келуіне байланысты кәмелетке толмаған адамды қылмыстық жауапкершіліктен босата отырып, қылмыстық істі тоқтатуға құқылы.";
      2) 491-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кәмелетке толмаған адам қайтыс болуына немесе денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты не ауыр зардапқа әкеп соққан аса ауыр не ауыр қылмыс жасаған кезде ғана жолын кесу шарасы ретінде қамау, сондай-ақ ұстау қолданылуы мүмкін.".
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж, N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; 21-22, 281-құжат; 2002 ж, N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж, N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж, N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж, N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 7, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 76-бап мынадай мазұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      "4. Осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдану мерзімі бір айға дейін ұзақтықпен белгіленеді.
      5. Кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын жүйелі түрде орындамаған жағдайда мамандандырылған мемлекеттік органның ұсынымы бойынша сот бұл шараны жояды және материалдар кәмелетке толмаған адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберіледі.";
      2) 111-бапта:
      бірінші бөлікте "ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі" деген сөздер "он айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте "айлық есептік көрсеткіштің алтыдан онға дейінгі" деген сөздер "жиырма айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 115-баптың бірінші бөлігінде "айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі" деген сөздер "елу айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) мынадай мазмұндағы 115-1-баппен толықтырылсын:
      "115-1-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық сипаттағы материалдарды сату
      1. Жасы он сегізге толмағандығы айыпкерге белгілі адамдарға эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын сату, -
      эротикалық сипаттағы өнімді тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      5 эротикалық сипаттағы өнімді тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      5) 336-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "1-1. Жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға мас күйінде келуі, сондай-ақ олардың қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішуі, -
      ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға бір айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      6) 541-баптың 1-1-бөлігінің 2) тармақшасында:
      "115," деген цифрлардан кейін "115-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
      "327 (екінші бөлігінде)" деген сөздерден кейін "336 (1-1-бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацындағы "336 (үшінші бөлігі)" деген сөздер "336 (1-1 және үшінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 771-құжат; 2001 ж., N 10, 122-құжат; 2003 ж., N 24, 175-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 12, 77-құжат; 2007 ж., N 12, 88-құжат; 2009 ж., N 2-3, 7-құжат):
      14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Жасы он сегізге толмаған адамдарға эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуға тыйым салынады.".
      5. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 17, 154-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 20, 152-құжат):
      16-баптың 4-тармағының бірінші абзацындағы "қауіпті жұмыстарға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен адамгершілік дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық орындарындағы жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау және сату)" деген сөздермен толықтырылсын.
      6. "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 18, 105-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 20, 67-құжат; N 20, 152-құжат):
      19-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "жасаған" деген сөзден кейін ", әкімшілік жауапкершіліктен немесе тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдана отырып, тағайындалған әкімшілік жазаны орындаудан босатылған;" деген сөздермен толықтырылсын.

       2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті