Стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 маусымдағы N 961 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына
"ҚазТеңізКөлікФлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" акционерлік қоғамының акциялары пакетінің 50 %-ына айырбастау үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының пайдасына "Атырау халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы акциялары пакетінің 100 %-ын иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат етілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов