Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы N 913 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық көліктік бақылау инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 16 маусымдағы
N 913 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық көліктік бақылау
инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта
ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары —
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы "Батыс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.
      2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы "Ертіс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.
      3. Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы "Жетісу" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.
      4. Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы "Каспий" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.
      5. Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы "Оңтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.
      6. Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы "Сарыарқа" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.
      7. Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы "Солтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 16 маусымдағы
N 913 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
      "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген бөлімде:
      "Арнайы жеңіл автомобильдерді пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер" және "Автомобильдердің шекті саны" деген бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
"

Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары:


Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы "Батыс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

10

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы "Ертіс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

10

Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы "Жетісу" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

9

Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы "Каспий" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

10

Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы "Оңтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

15

Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы "Сарыарқа" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

12

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы "Солтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

12

";

      көрсетілген қаулымен бекітілген арнайы су көлігінің тиесілілік табелінде:
      "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген бөлімде:
      "Арнайы су көлігін пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер", "Арнайы су көлігінің шекті саны", "Теңіз", "Өзен" және "Шағын көлемді" деген бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
"

Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары:




Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы "Батыс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

-

1

2

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы "Ертіс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

-

5

3

Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы "Жетісу" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

-

1

1

Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы "Каспий" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

1

1

3

Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы "Оңтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

-

-

3

Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы "Сарыарқа" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

-

1

3

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы "Солтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы

-

-

3

".

      2. "Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 1, 17-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің ережесінде:
      3-тармақтың оныншы абзацында "аумақтық көліктік бақылау басқармасы" деген сөздер "аумақтық органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Ережеге 8-қосымшада "Көліктік бақылау басқармасының", "Көліктік бақылау басқармасы" деген сөздер "Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының", "Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Ережеге 9-қосымшада "Көліктік бақылау басқармасымен", "Көліктік бақылау басқармасының" деген сөздер "Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясымен", "Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Ережеге 9-1-қосымшада:
      "Облыс бойынша Көліктік бақылау басқармасының бастығы
      Начальник Управления транспортного контроля по области" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының басшысы (басшысының орынбасары)
      Руководитель (заместитель) Межрегиональной инспекции транспортного контроля";
      Ережеге 10-қосымшада "Көліктік бақылау басқармасына" деген сөздер "Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Ережеге 10-1, 10-2, 11-1-қосымшаларда:
      "Облыс бойынша Көліктік бақылау басқармасының бастығы
      Начальник Управления транспортного контроля по области" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының басшысы (басшысының орынбасары)
      Руководитель (заместитель) Межрегиональной инспекции транспортного контроля".
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      5. "Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 51 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 3, 24-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінде:
      3-тармақтың 3), 17) тармақшаларында "басқармалары" деген сөз "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Ережеге 3-қосымшада "көліктік бақылау басқармасының бастығына" деген сөздер "аумақтық көліктік бақылау органының басшысына (басшысының орынбасарына)" деген сөздермен ауыстырылсын.