Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі N 789
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Сафинов - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Қанатбек Бейсенбекұлы минералдық ресурстар министрлігінің
жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары;
Алдашев - Қазақстан Республикасы әнергетика және
Рүстем Ағыбайұлы минералдық ресурстар министрлігі Жер
қойнауын пайдалануға тікелей
инвестициялар департаментінің директоры,
хатшы;
Бекетаев - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы вице-министрі;
Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы вице-министрі;
Сүлейменов - Қазақстан Республикасының экономика және
Тимур Мұратұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Рыспанов - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Нұрлан Бектасұлы акционерлік қоғамының тау-кен активтерін
басқару жөніндегі директоры (келісім
бойынша);
Балжанов - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Асқар Құрманұлы акционерлік қоғамының вице-президенті
(келісім бойынша);
көрсетілген құрамнан Асқар Болатұлы Баталов, Ғалымжан Олжаұлы Пірматов, Дулат Рашитұлы Құсдәулетов, Саяхат Алпысұлы Қонақаев, Дәулет Еділұлы Ерғожин, Кенжебек Ниязұлы Ибрашев шығарылсын;
2) "Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы N 145
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен құрылған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сафинов - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Қанатбек Бейсенбекұлы минералдық ресурстар министрлігінің
жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары;
Сәрсенов - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Бауыржан Нұрланұлы сауда министрлігі Өнеркәсіп комитеті
төрағасының орынбасары;
Төрекелдиев - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Сүйіндік Мырзагелдіұлы қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу
және бақылау комитеті төрағасының
орынбасары;
Тоқтабаев - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Тимур Серікұлы минералдық ресурстар министрлігінің Жер
қойнауын пайдалануға тікелей
инвестициялар департаменті директорының
орынбасары;
Рахымбаев - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Тоғанас Қуандықұлы Заңға тәуелді актілер департаментінің бас
сарапшысы;
Теңгебаев - Қазақстан Республикасы Қаржы
Ардақ Мырзабайұлы министрлігінің Салық комитеті
мамандандырылған басқармасының бастығы;
мына:
"Алдашев - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Рүстем Ағыбайұлы минералдық ресурстар министрлігінің Жер
қойнауын пайдалануға тікелей
инвестициялар департаменті директорының
орынбасары, хатшы"
деген жолда "министрлігінің Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаменті директорының орынбасары" деген сөздер "министрлігі Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаментінің директоры" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан Асқар Болатұлы Баталов, Саяхат Алпысұлы Қонақаев, Еділ Құламқадырұлы Мамытбеков, Дархан Әбдіманапұлы Бәкіров, Әуесбек Зпашұлы Тәутеев, Ерлан Баққожаұлы Мұқай шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов