Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы N 638 Қаулысы

Жаңартылған

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған биржалық тауарлардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 6 мамырдағы
N 638 қаулысымен
бекітілген   

Биржалық тауарлардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.16 № 58 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Р/с
N

Тауарлар

Тауарлардың атауы

КО СЭҚ БТН коды

1

2

3

4

1

Мұнай және мұнай өнімдері

Шикі мұнай

2709 00 900

Жеңіл дистилляттар (бензин)

2710 12,
2710 12 110 0 -
2710 12 900,
2710 20 900 0

Ауыр дистилляттар (мазут)

2710 19 620 1 -
2710 19 680 9,
2710 20 310 1 -
2710 20 390 9

2

Мұнай газдары және өзге де газ тәрізді көмірсутектер

Сұйытылған газ

2711 11 000 0-
2711 19 000 0

Табиғи газ

2711 21 000 0

3

Түсті металдар

Мыс

7402 00 000 0,
7403 11 000 0 -
7403 29 000 0

Қорғасын

7801 10 000 0 -
7801 99 900 0

Мырыш

7901 11 000 0 -
7901 20 000 0

Алюминий

7601 10 000 0 -
7601 20 990 0

4

Темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған прокат

Темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған прокат

7208-7212

5

Бағалы металдар

Алтын

7108 11 000 0,
7108 12 000,
7108 13 100 0 -
7108 20 000

Күміс

7106 10 000 0,
7106 91 000,
7106 91 900 9,
7106 92 000 0

6

Бидай және меслин

Бидай және меслин

1001

7

Арпа

Арпа

1003 10 000 0,
1003 90 000 0

8

Күріш

Күріш

1006 10 100 0-
1006 10 980 0

9

Қант

Қант

1701

10

Мақта

Мақта талшығы

5201 00 100 0,
5201 00 900 0,
5203 00 000 0

11

Ірі қара мал терісі

Ірі қара мал терісі

4101 20 100 0 -
4101 20 800 0,
4101 90 000 0,
4101 50 100 0 -
4101 50 900 0