"Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 58 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж,, № 22-23, 199-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Биржалық тауарлардың тізбесінде:
      4-бағандағы «СЭҚ ТН коды» деген сөздер «КО СЭҚ БТН коды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

1

Мұнай және мұнай өнімдері

Шикі мұнай

2709 00 900

Жеңіл дистилляттар (бензин)

2710 12,
2710 12 110 0 -
2710 12 900,
2710 20 900 0

Ауыр дистилляттар (мазут)

2710 19 620 1 -
2710 19 680 9,
2710 20 310 1 -
2710 20 390 9

»;

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

3

Түсті металдар

Мыс

7402 00 000 0,
7403 11 000 0 -
7403 29 000 0

Қорғасын

7801 10 000 0 -
7801 99 900 0

Мырыш

7901 11 000 0 -
7901 20 000 0

Алюминий

7601 10 000 0 -
7601 20 990 0

»;

      реттік нөмірлері 5, 6, 7-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

5

Бағалы металдар

Алтын

7108 11 000 0,
7108 12 000,
7108 13 100 0 -
7108 20 000

Күміс

7106 10 000 0,
7106 91 000,
7106 91 900 9,
7106 92 000 0

6

Бидай және меслин

Бидай және меслин

1001

7

Арпа

Арпа

1003 10 000 0,
1003 90 000 0

»;

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

11

Ірі қара мал терісі

Ірі қара мал терісі

4101 20 100 0 -
4101 20 800 0,
4101 90 000 0,
4101 50 100 0 -
4101 50 900 0

».

      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов