Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қ
АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184
қаулысына
мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
12 "Көлік және коммуникация" деген функционалдық топта:
215 "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген әкімші бойынша:
006 "Әуе көлігі инфрақұрылымын салу және реконструкциялау" деген бағдарламада:
005 "Ішкі көздер есебінен" деген кіші бағдарламада:
"Көкшетау аэропортының жасанды ұшып-қону алаңы мен аэровокзалын қайта құру" деген жолдың 3-бағанындағы "2160000" деген сандар "160000" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қызылорда қаласының "Қорқыт Ата" әуежайының
ұшу-қону жолағын реконструкциялау және аэродромдық
және сервистік арнайы техникамен қайта жарақтандыру 2000000".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан
Республикасының:
Премьер-Министрі К. М
ә
сімов