2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге және "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 10-бабы 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығын 2009 - 2010 жылдары ортаазиялық және ресейлік газды тең мөлшерде қарсы жеткізу жолымен газбен қамтамасыз ету үшін "ҚазРосГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Газпром" ашық акционерлік қоғамымен және/немесе оның уәкілетті ұйымымен жасасатын мәмілелер бойынша Қарашығанақ кен орны өңделген газының бағасы 1000 текше метр газ үшін 85 АҚШ доллары болып белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.23 № 116 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов