Газбен өзара алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәмілелердің бағасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 372 Қаулысы

Қолданыстағы

      2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге және "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 10-бабы 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығын 2009 жылы ортаазиялық және ресейлік газды тең мөлшерде қарсы жеткізу жолымен газбен қамтамасыз ету үшін "ҚазРосГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Газпром" ашық акционерлік қоғамымен және/немесе оның уәкілетті ұйымымен жасасатын мәмілелер бойынша Қарашығанақ кен орны өңделген газының бағасы 1000 текше метр газ үшін 85 АҚШ доллары болып белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов