Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қ
АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 12 наурыздағы
N 294 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 9-3, 9-76, 9-77 және 9-78-жолдар алынып тасталсын.
2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-79-жол алынып тасталсын.
3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 226-6-жол алынып тасталсын.
4. "Халықты еңбекпен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 288-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:
3-тармақта:
16-1) тармақшадағы "басқарушы холдингте" деген сөздерден кейін ", Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамында және жарғылық капиталдарына "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық үйымдарда" деген сөздермен толықтырылсын;
16-2) тармақшадағы "холдингте" деген сөз "холдингтің, Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамының және жарғылық капиталдарына "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-3) тармақшамен толықтырылсын:
"16-3) "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамында және жарғылық капиталдарына "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық ұйымдарда медициналық және консультативтік қызметті жүзеге асыратындар;".
5. "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 7, 73-құжат):
1-тармақтың бірінші абзацы "ҚазАгро" ұлттық холдингі," деген сөздерден кейін "Ұлттық медициналық холдинг"," деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қармағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 2, 39, 39-1 және 39-2-жолдар алынып тасталсын;
"Акцияларының мемлекеттік пакеттері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне иелік етуге және пайдалануға берілген акционерлік қоғамдар" деген 4-бөлімде:
реттік нөмірі 64-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 65-жолмен толықтырылсын:
"65. Ұлттық медициналық холдинг".
7. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлім алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 225 және 257-1-жолдар алынып тасталсын.
8. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер және ұйымдардағы мемлекеттік үлестерге кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633
қаулысында
:
1-тармақтың 1) тармақшасы "мамандандырылған кеңестердің" деген сөздерден кейін "(олар болған жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-жолмен толықтырылсын:
"15. "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ.".
9. "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 маусымдағы N 603
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Нүсіпова - Қазақстан Республикасының
Әсем Бекқызы Денсаулық сақтау вице-министрі"
деген жол мынадай
редакцияда жазылсын:
"Біртанов - Қазақстан Республикасының
Елжан Амантайұлы Денсаулық сақтау вице-министрі";
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Хьюберт Блум - тәуелсіз директор
Грегори Паппас - тәуелсіз директор
Сұлтанов - тәуелсіз директор".
Серік Егелұлы