"Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 маусымдағы N 603 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 152 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.03.01 № 152 Қаулысымен.

      "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы N 451 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамын сайлауды қамтамасыз етсін;

      2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 21 маусымдағы
N 603 қаулысына  
қосымша      

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.12. N 294 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз),  2009.07.23. N 1120 Қаулыларымен.

"Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамының
директорлар кеңесінің құрамы

Орынбаев                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы             Министрінің орынбасары, төраға

Бишімбаев                   - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қуандық Уәлиханұлы            көмекшісі, орынбасар

Біртанов                    - Қазақстан Республикасының
Елжан Амантайұлы            Денсаулық сақтау вице-министрі

Кармазина                   - Қазақстан Республикасының Экономика
Лена Мағауияқызы              және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Дәленов                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы             вице-министрі

Шарман                      - "Ұлттық медициналық холдинг"
Алмаз Төрегелдіұлы            акционерлік қоғамының басқарма
                              төрағасы (келісім бойынша)

Хьюберт Блум                - тәуелсіз директор
 
Грегори Паппас              - тәуелсіз директор
 
Сұлтанов                    - тәуелсіз директор
Серік Егелұлы