Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.07.2014 № 837 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесі бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.07.2014 № 837 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме
жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
3. Мамандар үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит он бес жыл мерзiмге берiледi; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01 %-ы мөлшерiнде белгiленедi.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 18 ақпандағы
N 183 қаулысымен
бекітілген
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесі
Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.07.2014 № 837 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлендi, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына (бұдан әрі – мамандар) бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.07.2014 № 837 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1-1. Осы Ереженің мақсаты үшiн мамандар деп қалаларда және өзге де елдi мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеуге және тұруға тiлек бiлдiрген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, ортадан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түлектерi, сондай-ақ көрсетілген білімі бар мамандар түсiнiледi.
Ескерту. Ереже 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.09.08 № 1030 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.07.2014 № 837 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1-2. Бюджеттік кредиттер облыстардың жергілікті атқарушы органдарына мынадай жағдайларда:
ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарының тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн оларға кейіннен теңгемен 15 (он бес) жыл мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегi сыйақы ставкасы бойынша бере отырып кредиттiк шарттар жасасу арқылы берiледi;
кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 22 (жиырма екі) айды құрайды;
бюджеттік кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар кредиттік шартта белгіленеді.
Ескерту. Ереже 1-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.08 № 1030 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.07.2014 № 837 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органы (мәслихат), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi мәлiмдеген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, жыл сайын мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы шешiм қабылдайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.07.2014 № 837 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі
жұмыстарды ұйымдастыру үшін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаттың депутаттарынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.30 N 1488 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
4. Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті орган комиссияның жұмыс органы болып табылады (бұдан әрі - Әкімші).
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.30 N 1488 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.04.06 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
5. Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандары үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беру сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) шарт болған жағдайда жүзеге асырылады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) тапсырыс шартын жасасады.
Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша операциялық қызметтеріне арналған шығындарды өтеу үшiн қаражат жалпы сипаттағы трансферттер және жергілікті бюджет шеңберінде көзделедi.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.07.2014 № 837 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
6. Әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн маман Әкiмшiге мынадай құжаттарды:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесiн;
4) азаматтарды тiркеу кiтабының (үй кiтабының) немесе тиiстi елдi мекенде тұратынын растайтын анықтаманың көшiрмесiн;
5) бiлiмi туралы дипломының көшiрмесiн;
6) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.07.2014 № 837 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.07.2014 № 837 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
8) жылжымайтын мүліктің бағалау актісін (бюджеттік кредит алу үшін);
9) тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына актіні ұсынады.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.
Осы Ережеде көзделмеген басқа да құжаттар берудi талап етуге жол берiлмейдi.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.07.2014 № 837 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
7. Әкімші әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер
мамандардың құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады,
ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, қаржы қаражатының
қажеттілігін есептеуді жүргізеді және құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде комиссияға жібереді.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
8. Комиссия Әкімшіден құжаттардың келіп түскен күнінен бастап он күнтізбелік күннің ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге ұсыным жасайды.
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда, Әкімші үш жұмыс күні ішінде маманға дәлелді жауап жібереді.
Осы Ереженің 6-тармағында көзделген дәйектемесіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.30 N 1488 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.04.06 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
9. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі комиссияның ұсынымдары келіп түскен сәттен бастап он күнтізбелік күннің ішінде мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылдайды.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.30 N 1488 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
10. Осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан
кейін жеті күнтізбелік күннің ішінде Әкімші, маман мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасалады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.30 N 1488 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.04.06 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
11. Келісім жасалғаннан кейін:
1) Әкімші жеті күнтізбелік күннің ішінде көтерме жәрдемақысының сомасын мамандардың жеке есеп шоттарына аударады;
2) сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) отыз жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит бередi.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
12. Кредит бойынша маманның мiндеттемелерiнің орындалуы:
1) ол сатып алған тұрғын үй кепілдігімен;
2) кейіннен өзге салынған тұрғын үй кепілдігімен жылжымайтын өтімді мүлігімен қамтамасыз етiледi.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
13. Бөлінген бюджеттік қаражаттың пайдаланылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу
және тұру үшін келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну ережесіне 1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.07.2014 № 837 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
_________________________ облысы
____________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi
________________________________
тегi, аты-жөнi
________________________________
мекенжайында тұратын өтiнiш
берушiнiң
________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты
________________________________
жұмыс орны, қызметi
Өтініш
Сiзден Келiсiмнiң (қоса берiлiп отыр) мөлшерiнде және шарттарында маған көтерме жәрдемақы төлеуiңiздi және/немесе тұрғын үй сатып алуға/салуға бюджеттiк кредит ресiмдеуге құқық беруiңiздi сұраймын.
__________ ____________
күнi қолы
Құжаттар қабылданды:
20__жылғы «___» _______
_______ ____________________________________________________
қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.
___________________________________________________________________
(кесу сызығы)
Өзгерiстер туындаған жағдайда, олар туралы 15 жұмыс күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Дұрыс емес мәлiметтер мен жасанды құжаттар бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм.
Азамат ____________ өтiнiшi қоса берiлген саны ________ дана құжаттармен бiрге 20__жылғы «__»_________________ қабылданды.
________ ________________________________________________________
қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу
және тұру үшін келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну ережесіне 2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.07.2014 № 837 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген
денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына
әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы үлгi келiсiм
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.07.2014 № 837 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Елдi мекен _________ 20 ___ жылғы «__»__________
Бұдан әрі «Әкiмшi» деп аталатын «__________________» мемлекеттiк мекемесi атынан басшы ________________________________ бiр тараптан, бұдан әрi «Алушы» деп аталатын әлеуметтiк көмек алушы _________________________, басқа тараптан және бұдан әрi «Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)» деп аталатын ____________________________________ үшiншi тараптан төмендегiлер туралы осы өзара мiндеттемелер келiсiмiн жасасты:
1. Келiсiмнiң нысанасы
Тараптар өзара жауапкершiлiктi және келiсiмдi ескере отырып, ешқандай тараптан мәжбүр етiлмей тараптар толық көлемде орындауы тиiс мiндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:
1. Әкiмшi, ________________________________ мәслихатының (20 ___ жылғы «__»_______ №_____) шешiмiнiң негiзiнде өзiне мынадай түрдегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мiндеттемелерін қабылдайды:
1) _____________________________________________________ теңге мөлшерiнде көтерме жәрдемақы;
2) ___ жыл мерзiмге __________________________________________ теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит.
2. Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде ___________ ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен) ұйымында кемiнде бес жыл қызмет iстеуге мiндеттеме қабылдайды.
3. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне тапсырма шарты негiзiнде әкiмшiнiң атынан және оның есебiнен және оның нұсқауына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындауға мiндеттеме қабылдайды.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi
1. Әкiмшi:
1) алушыдан осы Келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал және тиiсiнше орындауды талап етуге құқылы.
2. Әкiмшi:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң қаулысы қабылданғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде және осы Келiсiм негiзiнде көтерме жәрдемақысының тағайындалған сомасын Алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.
3. Алушының:
1) комиссияның жұмыс органының талабы бойынша қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ерiктi түрде таңдауға;
2) бес жыл мерзiм өткенге дейiн, өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасына байланысты басқа ауылдық елдi мекендерге жұмысқа ауысқан кезде алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.
4. Алушы:
1) әлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні iшiнде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау құжаттарын беруге;
2) меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқаларын осы Келiсiмдi кемiнде бес жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;
3) жұмыс органына тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;
4) осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агент):
1) алушымен есеп айырысуды жүргiзуге;
2) алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргiзуге құқығы бар.
6. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент):
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредитке қызмет көрсетуге;
2) кредиттiк шарт бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын алған маман мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзуге;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алушылардан берешектi өндiрiп алуды жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Дауларды шешу
1) Осы Келiсiмдi орындау кезiнде туындауы мүмкiн барлық мәселелер мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiне қарай тараптардың арасында келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
2) Егер даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiлуге тиiс.
4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi
1) Осы Келiсiм тараптардың қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi.Келiсiмнiң қолданысы 20___ жылғы «__»____________ басталады.
2) Келiсiм бiрдей заң күшi бар үш данада жасалды.
5. Тараптардың заңды мекенжайлары
Әкiмшi Алушы Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)
_______ _________ ______________________________
_______ _________ ______________________________
_______ _________ ______________________________