Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 837 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 603 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 73-құжат):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берiлiп отырған Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесі бекiтiлсiн.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесі";

      1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесі (бұдан әрi – Ереже) "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлендi, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына (бұдан әрі – мамандар) бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тәртiбiн айқындайды.

      1-1. Осы Ереженің мақсаты үшiн мамандар деп қалаларда және өзге де елдi мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеуге және тұруға тiлек бiлдiрген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, ортадан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түлектерi, сондай-ақ көрсетілген білімі бар мамандар түсiнiледi.";

      1-2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарының тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн оларға кейіннен теңгемен 15 (он бес) жыл мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегi сыйақы ставкасы бойынша бере отырып кредиттiк шарттар жасасу арқылы берiледi;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органы (мәслихат), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi мәлiмдеген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, жыл сайын мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы шешiм қабылдайды.";

      5-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандары үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беру сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) шарт болған жағдайда жүзеге асырылады.";

      "Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша операциялық қызметтеріне арналған шығындарды өтеу үшiн қаражат жалпы сипаттағы трансферттер және жергілікті бюджет шеңберінде көзделедi.";

      6-тармақтың 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;

      көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:

      "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесіне 1-қосымша" деген сөздер "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесіне 1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:

      "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесіне 2-қосымша" деген сөздер "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесіне 2-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы үлгi келiсiм";

      "Келiсiмнiң нысанасы" деген 1-бөлімнің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде ___________ ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен) ұйымында кемiнде бес жыл қызмет iстеуге мiндеттеме қабылдайды.";

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов