Қарағанды облысының жекелеген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы N 122 Қаулысы

Қолданыстағы

       "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және Қазақстанның ерекше қорғауды талап ететін бірегей табиғи объектілері ретінде Қарағанды облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экожүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қу ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 14581 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан алынсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері мен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағындағы жалпы алаңы 7216 гектар босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) тұрақты жер пайдалануға берілсін.
      Көрсетілген жер учаскелері босалқы жерлер және орман қорының жерлері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта бар ормандар "мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары" қорғаныш санатына жатқызылсын.
      3. Қарағанды облысының әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме жерлері төңірегінде күзет аймағын белгілеп, онда осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жағдайына және қалпына келуіне теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектесін.
      4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жалпы алаңы 44660 гектар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің республикалық маңызы бар "Белдеутас" (зоологиялық) мемлекеттік табиғи қаумалы құрылсын.
      5. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы N 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
      "Қарағанды облысы" деген бөлімнің реттік нөмірі 54-жолының 3-бағанында "90323" деген сандар "112120" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 61-1-жолмен толықтырылсын:
"

61-1

"Белдеутас" мемлекеттік табиғи қаумалы (зоологиялық)

44600

Қарқаралы ауданы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

                                                                   ".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 6 ақпандағы
N 122 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман
және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне Қарағанды
облысы Қарқаралы ауданының аумағында тұрақты жер
пайдалануға берілетін жерлердің экспликациясы

гектармен

Атауы

Жалпы алаңы

Оның ішінде:

орманды алқаптар

орманды алқаптар жиыны

ормансыз алқаптар

ормансыз алқаптар жиыны

орман көмкерген, барлығы

оның ішінде

орман көмкермеген,барлығы

шабындықтар

жайылымдар

су астында

жолдар

басқа жерлер

шоқ ағаштар

орман дақылдары

1. Орман қорының жерлері
(Қу ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы), Бақты орманшылығы

14581

5143,5

2537

93

4570,4

9714,4

359,6

2086,2

6

36,8

2378

4866,6

2. Қор жерлері

7216






6337,7

5

15,2

8,1

850

7216

Барлығы:

21797

5143,5

2537

93

4570,9

9714,4

6697,3

2091,2

21,2

44,9

3228

12082,6