Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы N 119 Қаулысы

Қолданыстағы

      Жайық өзені атырауы сулы-батпақты жерлерінің және Каспий теңізінің іргелес жағалауының бірегей биологиялық әртүрлілігін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қаласы мен Атырау облысы Махамбет ауданының аумағында жалпы алаңы 111500 га Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.07.29 № 763 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      2. Атырау қаласы мен Атырау облысы Махамбет ауданының аумағындағы жалпы алаңы 83367 га жер учаскелері мынадай:
      17522 га - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;
      57216 га - су қоры жерлері;
      8629 га - өнеркәсіп, көлік, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер санатындағы жерлерден алынсын.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.07.29 № 763 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      3. Осы қаулының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелері және Атырау қаласы мен Атырау облысы Махамбет ауданының аумағындағы жалпы алаңы 28133 га босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға мекемеге берілсін.
      Көрсетілген жер учаскелері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, босалқы жерлер, су қоры жерлері және өнеркәсіп, көлік, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылсын.
      4. Атырау облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеме жерлерінің төңірегінде күзет аймағын белгілеп, осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектеу қойсын.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Мекеме туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      6. Мекемені қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға республикалық бюджетте көзделетін сомалар есебінен және шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-2-жолмен толықтырылсын:
      "9-2. "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесі";
      2) "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы N 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 42, 457-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
      "Атырау облысы" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 36-жолдың 3-бағанында "700000" деген сандар "635595" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 36-1-жолмен толықтырылсын:
"

36-1

"Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты

111500

Атырау қаласы және Махамбет ауданы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

                                                                    "
      3) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 6-жолда:
      "Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты"                99"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты"                    86";
      3-бағанда:
      "13138", "5033" деген сандар тиісінше "13224", "5119" деген сандармен ауыстырылсын.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

                                            Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                           2009 жылғы 6 ақпандағы
                                                N 119 қаулысына
                                                    қосымша

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қосымшаны жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.07.29 № 763 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

    "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватына Атырау қаласы мен
    Атырау облысы Махамбет ауданының аумағындағы тұрақты жер
     пайдалануға берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

Атауы

Жалпы алаңы

Оның ішінде:

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

Оның:

Босалқы жерлер

Оның:

Су қоры жерлері

Өнеркәсіп, көлік және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер

ауыл шаруашылығы жерлері

басқа жерлер

ауыл шаруашылығы жерлері жиыны

басқа жерлер

Атырау облысының Махамбет ауданы

"Первомайский" ЖШС

4688

4688


4688






N 1 учаске

52979




26908

16338

10520

17380

8619

Жиыны:

57595

4688


4688

26908

16338

10570

17380

8619

Атырау қаласы

"Амангелді" ӨК

455

455

55

400






"Қызыл Балық" ӨК

5740

5740

381

5359






"Құрманғазы" ӨК

3984

3984

254

3730






"Аманат Арал" ЖШС

671

671


671






"Еркін Қала" ӨК

1857

1857

91

1766






"Ракуша" ӨК

127

127


127






N 2 учаске

41071




1225


1225

39836

10

Жиыны:

53905

12834

781

12053

1225


1225

39836

10

Барлық жерлер:

111500

17522

781

16741

28133

16388

11795

57216

8629