Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2009 жылдың республикалық бюджетінен жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 ақпандағы N 98 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы " 2005 жылғы 8 шілдедегі және " 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы " 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2009 жылдың республикалық бюджетінен жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 2 ақпандағы
N 98 қаулысымен   
бекітілген     

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2009 жылдың республикалық бюджетінен жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2009 жылдың республикалық бюджетінен жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы " 2005 жылғы 8 шілдедегі және " 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы " 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді және 087 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2009 жылғы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалануы тәртібін айқындайды.
      2. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды  және өсіруді қамтамасыз етуге арналған қаражат (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - АШТӨ):
      1) 2008 жылғы күзде және (немесе) 2009 жылғы көктемде жүргізілген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін (интенсивті типті өнеркәсіптік бақтарды) отырғызуға және оларды 2009 жылы өсіруге арналған.
      Бұл ретте көпжылдық көшеттерді отырғызу:
      Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне немесе ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесіне енгізілген сорттармен;
      2009 жылғы 1 шілдеден бастап - тиісті лицензиясы (жерге орналастырумен, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыспен айналысуға) бар және АШТӨ-нің көпжылдық көшеттерді отырғызу жүзеге асырылатын жер учаскесімен байланысқан тұлға әзірлеген бақтарды, жидектіктерді және жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген үлгі жобаға (бақ отырғызу үшін жарамдылығына топырақтық-мелиоративтік зерттеулердің жүргізілгенін растайтын) сәйкес жүзеге асырылуы тиіс;
      2) 2007 жылғы күзде және (немесе) 2008 жылғы көктемде 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасының 106 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бағдарламасы бойынша 2008 жылы бөлінген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен отырғызылған жеміс дақылдары мен жүзімнің бірінші өсу жылғы көпжылдық көшеттерін өсіруге (күтуге);
      3) 2006 жылғы күзде және (немесе) 2007 жылғы көктемде 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасының 106 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бағдарламасы бойынша 2007 жылы бөлінген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен отырғызылған жеміс дақылдары мен жүзімнің екінші өсу жылғы көпжылдық көшеттерін өсіруге (күтуге) кеткен шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде 087 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасының төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспары негізінде облыстар бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлемдеріне сәйкес, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы қол қойылған келісімнің шеңберінде ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге аударады.
      4. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға және өсіруге бюджеттік субсидиялар алған АШТӨ-ге осы мақсаттарға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен қаражат бөлу шартымен, келесі жылдары, бірақ төрт жылдан аспайтын уақытқа жеміс беру сәті туындағанға дейін оларды өсіруге арналған бюджеттік субсидиялар беріледі.
      5. Бюджеттік субсидия жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу мен өсірудің осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес 1 гектарға арналған шығындардың мөлшерінен аспайтын құнының 40 %-ына дейінгі мөлшерде белгіленеді.

2. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға және өсіруге кеткен шығындарды ішінара өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды алу тәртібі

      6. АШТӨ өтінімдерін қарау және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу актілерін және тексеру актілерін жасау үшін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция (бұдан әрі - АӨК) комитетінің аудандық (қалалық) аумақтық инспекциясының, аудандық (қалалық) статистика, жер қатынастары басқармаларының, аграрлық бейіндегі ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері құрамында ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
      Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы бөлімі) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
      7. АШТӨ осы Ереженің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидияларды алу үшін ағымдағы жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде ВАК-ка мынадай құжаттардан тұратын өтінімді тапсырады:
      1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмелері;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы не жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;
      4) көшеттерді отырғызу үшін пайдаланылған отырғызу материалының сорттық және егістік сапасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      5) көшеттерді отырғызу үшін пайдаланылған отырғызу материалын сатып алу-сату және/немесе қаржылық лизинг шарттарының көшірмелері;
      6) осы Ереженің 12-тармағында көзделген басым тәртіппен бюджеттік субсидия алуға АШТӨ-нің құқығын растайтын құжаттар.
      8. Өткен жылдары бюджеттік субсидиялар алған АШТӨ осы Ереженің 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген бюджеттік субсидияларды алу үшін ағымдағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде ВАК-қа мынадай құжаттардан тұратын өтінімді тапсырады:
      1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) өткен жылы жасалған жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу актісінің көшірмелері;
      3) өткен жылдары бюджеттік субсидиялар алғаны туралы куәландыратын құжаттың көшірмелері.
      9. ВАК:
      1) он жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімдердің толықтығы мен нақтылығын тексереді, орналасқан жеріне бара отырып, осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу актісін және осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін тексеру актісін жасайды;
      2) ағымдағы жылдың 15 маусымына дейінгі мерзімде бюджеттік субсидиялар алуға үміткер АШТӨ тізбесін (бұдан әрі - тізбе) бөлінген қаражат шегінде қалыптастырады және оны өтінімдермен қоса аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге жібереді.
      10. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі бекіткен тізбені, өтінімдерді әрбір АШТӨ бойынша отырғызу актісін, әрбір АШТӨ бойынша тексеру актісін ауыл шаруашылығы бөлімі үш жұмыс күні ішінде АШТӨ өтінімдерін облыста қарау жөніндегі жұмыс органы болып табылатын облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - Ауыл шаруашылығы басқармасы) жібереді.
      Ауыл шаруашылығы бөлімі Ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшін жауапты болады.
      11. Ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы бөлімі ұсынған АШТӨ өтінімдерін алғаннан кейін оларды он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
      12. Егер өтінімдер сомасы бөлінген бюджет қаражатының сомасынан асып кетсе, онда бюджеттік субсидиялауға жататын алқаптар АШТӨ арасында алқаптардың сұрау салынған мөлшеріне байланысты бара-бар бөлінеді. Бұл ретте:
      1) мыналар:
      алманың "Апорт" сортын отырғызған;
      Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қысқа циклды алма бақтарын отырғызған АШТӨ басым тәртіппен субсидияланады.
      2) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызудың және өсірудің бюджеттен ең аз субсидияланатын алқабы бара-бар бөлуден кейін бір АШТӨ-де бір гектардан кем болмауы тиіс.
      13. Ауыл шаруашылығы басқармасы АШТӨ-нің өтінімін қарағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде:
      1) осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыс бойынша АШТӨ-нің бюджеттік субсидиялар алуға арналған тізбесін жасайды және оны облыс әкіміне бекітуге ұсынады;
      2) өтінімдерді ұсынған АШТӨ-ге қабылданған шешім туралы жазбаша хабарламаны, теріс шешім қабылданған жағдайда - өтінімді қабылдамаудың себептерін көрсете отырып жібереді;
      3) АШТӨ ұсынған растаушы құжаттардың негізінде осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомосты қалыптастырады.
      14. Ауыл шаруашылығы басқармасы үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шотын ұсынады.
      15. Ауыл шаруашылығы басқармасы бюджеттік субсидияларды төлеу үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшін жауапты болады.
      16. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2009 жылға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша субсидияларды қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.
      17. Бюджеттік субсидиялар алған АШТӨ Ауыл шаруашылығы басқармасына Министрлік бекіткен нысан бойынша есепті кезеңде алынған бюджеттік субсидиялардың нысаналы және тиімді пайдаланылғаны туралы есеп береді.
      18. Ауыл шаруашылығы басқармалары ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей және тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей Министрлікке төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі  және дақылдар мен сорттар бөлінісінде көпжылдық көшеттерді отырғызу және өсіру алқаптары туралы есепті ұсынады.
      19. Облыс әкімдері, Министрлікке тікелей және түпкілікті нәтижелердің нақты жетістіктері туралы аралық есепті жарты жылдық қорытындылары бойынша 30 шілдеден кешіктірмей, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
      20. Министрлік нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджетке аудармағаны үшін және ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін жауапты болады.
      21. Облыс әкімдері нысаналы трансферттердің нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес пайдаланылмағаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмегені, алған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынбағаны үшін жауапты болады.

                                                       Ережеге
                                                      1-қосымша

            Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің
      көпжылдық көшеттерін 2009 жылы отырғызудың және
       2006-2008 жылдары отырғызылғандарын өсірудің
         1 гектарға арналған шығындарының мөлшері

      1. 2008 жылдың күзінде және (немесе) 2009 жылдың көктемінде отырғызуға және 2009 жылы өсіруге     

Р/с
N

Дақыл

Отырғызудың және өсірудің 1 гектарға арналған шығындары, теңге

Отырғызудың және өсірудің 1 гектарға арналған шығындарының құнын бюджеттік субсидиялау пайызы

Отырғызудың және өсірудің 1 гектарға арналған бюджеттік субсидияларының мөлшері, теңге

1

Жеміс-жидек дақылдары

1 063 653

40

425 461

2

Жүзім

532 161

40

212 864

       2. 2007 жылдың күзінде және (немесе) 2008 жылдың көктемінде отырғызылған көпжылдық көшеттердің бірінші жылғы өсуіне (күтіміне)     

Р/с
N

Дақыл

Өсірудің 1 гектарға арналған шығындары (1 өсу жылғы), теңге

Өсірудің 1 гектарға арналған шығындарының құнын бюджеттік субсидиялау пайызы (1 өсу жылғы)

Өсірудің 1 гектарға арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері (1 өсу жылғы), теңге

1

Жеміс дақылдары

66 258

40

26 503

2

Жүзім

813 627

40

325 451






      3. 2006 жылдың күзінде және (немесе) 2007 жылдың көктемінде отырғызылған көпжылдық көшеттердің екінші жылғы өсуіне (күтіміне)

Р/с
N

Дақыл

Өсірудің 1 гектарға арналған шығындары (2 өсу жылғы), теңге

Өсірудің 1 гектарға арналған шығындарының құнын бюджеттік субсидиялау пайызы (2 өсу жылғы)

Өсірудің 1 гектарға арналған бюджеттік субсидиялардың  мөлшері (2 өсу жылғы), теңге

1

Жеміс дақылдары

72 735

40

29 094

2

Жүзім

202 967,5

40

81 187

                                                          Ережеге
                                                         2-қосымша

                                            _____________ ауданының
                                            ведомстволық комиссиясы

       Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін
        отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған
               бюджеттік субсидияларды алуға өтініш

      1. _______________________________________________________
                               (құрылтайшы құжаттың атауы)
негізінде әрекет өтетін _____________________________________________
                            (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)
бірінші басшысының атынан ___________________________________________
                                       (Т.А.Ә., лауазымы)

осымен _____ га алқапқа жеміс-жидек дақылының/жүзімнің (қажетінің астын сызу керек) көпжылдық көшеттерін отырғызуға және өсіруге арналған бюджеттік субсидияларды бөлу туралы өтінеді.
      2. Өтінішке мыналар:
      жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;
      заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы не жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;
      көшеттерді отырғызу үшін пайдаланылған отырғызу материалының сорттық және егістік сапасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      көшеттерді отырғызу үшін пайдаланылған отырғызу материалын сатып алу-сату және/немесе қаржылық лизинг шарттарының көшірмелері;
      басым тәртіппен бюджеттік субсидия алуға АШТӨ-нің құқығын растайтын құжаттар қоса беріледі.
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің заңды мекен-жайы және банктік деректемелері

                                                    _______________
                                                    _______________
                                                    _______________

      _____________________
       (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

                                                             Ережеге
                                                            3-қосымша

      Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін
өсіруді қамтамасыз етуге арналған бюджеттік субсидияларды алуға
                               өтініш

      1. ______________________________________________________
                               (құрылтайшы құжаттың атауы)
негізінде әрекет ететін ____________________________________________
                             (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)
бірінші басшысының атынан __________________________________________
                                      (Т.А.Ә., лауазымы)

осымен ____ га алқапқа 200__ жылғы күзде және (немесе) 200__ жылғы көктемде отырғызылған жеміс дақылының/жүзімнің (қажетінің астын сызу керек) "__" өсу жылғы, көпжылдық көшеттерін өсіруге арналған бюджеттік субсидияларды бөлу туралы өтінеді.
      2. Өтінішке мыналар:
      өткен жылдары жасалған жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу актісінің;
      өткен жылдары бюджеттік субсидиялар алғаны туралы куәландыратын құжаттың көшірмелері қоса беріледі.
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің заңды мекен-жайы және банктік деректемелері:

                                                   __________________
                                                   __________________
                                                   __________________
      ____________________
      (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

                                                           Ережеге
                                                          4-қосымша

       Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін
          отырғызудың 200__ жылғы "__"______ N ____ актісі

      Біз, төменде қол қойған,___________ облысы ___________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) мүшелері, құрамында:
комиссия төрағасы __________________________________________________
____________________________________________________________________
                          (лауазымы, Т.А.Ә.)

комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы басқармасының (бөлімінің) өкілі
____________________________________________________________________,
                          (лауазымы, Т.А.Ә.)

Министрліктің АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті аудандық
(қалалық) аумақтық инспекциясының өкілі ____________________________
____________________________________________________________________,
                          (лауазымы, Т.А.Ә.)

аудандық (қалалық) статистика басқармасының өкілі __________________
____________________________________________________________________,
                          (лауазымы, Т.А.Ә.)

аудандық (қалалық), жер қатынастары, жер кадастры басқармасының өкілі
____________________________________________________________________,
                          (лауазымы, Т.А.Ә.)

ғылыми ұйымының өкілі ______________________________________________
____________________________________________________________________,
                          (лауазымы, Т.А.Ә.)

қоғамдық ұйымның өкілі _____________________________________________
____________________________________________________________________,
                          (лауазымы, Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________ басшысы
             (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

мынадай көпжылдық көшеттерді отырғызуды жүзеге асырғаны туралы осы
актіні жасадық:
______________ га алқапқа __________________________________________
                             (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________ га алқапқа __________________________________________
                             (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
______________ га алқапқа __________________________________________
                             (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)

Комиссия төрағасы                                   _______________
                                                         (қолы)

комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы
бөлімінің өкілі                                      _______________
                                                          (қолы)

Министрліктің АӨК инспекция
комитеті аудандық (қалалық)
аумақтық инспекциясының өкілі                        _______________
                                                          (қолы)

аудандық (қалалық) статистика
басқармасының өкілі                                  _______________
                                                          (қолы)

аудандық (қалалық) жер
қатынастары басқармасының өкілі                      _______________
                                                          (қолы)

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ғылыми ұйымның өкілі                                 _______________
                                                          (қолы)

қоғамдық ұйымның өкілі                               _______________
                                                          (қолы)

ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші                    _______________
                                                          (қолы)

                                                            Ережеге
                                                           5-қосымша

      Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін 
                 тексерудің 200__ жылғы "__" N _____ актісі

      Біз, төменде қол қойған,___________ облысы ___________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) мүшелері, құрамында:
комиссия төрағасы __________________________________________________
____________________________________________________________________
                               (лауазымы, Т.А.Ә.)

комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы басқармасының (бөлімінің) өкілі
____________________________________________________________________,
                               (лауазымы, Т.А.Ә.)

Министрліктің АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті аудандық
(қалалық) аумақтық инспекциясының өкілі ____________________________
____________________________________________________________________,
                                (лауазымы, Т.А.Ә.)

аудандық (қалалық) статистика басқармасының өкілі __________________
____________________________________________________________________,
                                (лауазымы, Т.А.Ә.)

аудандық (қалалық) жер қатынастары, жер кадастры басқармасының өкілі
_______________________________________________________________ _____
____________________________________________________________________,
                                (лауазымы, Т.А.Ә.)

ғылыми ұйымының өкілі ______________________________________________
____________________________________________________________________,
                               (лауазымы, Т.А.Ә.)

қоғамдық ұйымның өкілі _____________________________________________
____________________________________________________________________,
                                (лауазымы, Т.А.Ә.)
___________________________________________________________________ _
____________________________________________________________ басшысы
           (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

мынадай 200__ отырғызылған көпжылдық көшеттерді "__" өсу жылына өсіруді жүзеге асыратыны туралы осы актіні жасадық:

___________ га алқапқа _____________________________________________
                              (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
___________ га алқапқа _____________________________________________
                              (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)
___________ га алқапқа _____________________________________________
                              (дақылдың атауы, сорты, егу схемасы)

Комиссия төрағасы                                   _________________
                                                          (қолы)

комиссия мүшелері:
аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы
басқармасының (бөлімінің) өкілі                     _________________
                                                          (қолы)

Министрліктің Агроөнеркәсіптік
кешендегі мемлекеттік инспекция
комитеті аудандық (қалалық)
аумақтық инспекциясының өкілі                       _________________
                                                          (қолы)

аудандық (қалалық) статистика
басқармасының өкілі                                 _________________
                                                          (қолы)

аудандық (қалалық) жер қатынастары,
жер кадастры басқармасының өкілі                    _________________
                                                          (қолы)

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ғылыми ұйымының өкілі                               _________________
                                                          (қолы)

қоғамдық ұйымның өкілі                              _________________
                                                          (қолы)

ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші                   _________________
                                                          (қолы)

                                                          Ережеге
                                                         6-қосымша

                                          Бекітемін
                                          ___________ облысының әкімі
                                          _________________________ __
                                             (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

                                          200__жылғы "__" _________ __

    Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін
    отырғызуға және өсіруге 2009 жылға арналған бюджеттік
    субсидияны алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің
                               тізбесі      

Р/с
N

Ауданның атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы

Дақыл

Отырғызу және өсіру алқабы, га

Өсіру алқабы (1 өсу жылғы), га

Өсіру алқабы (2 өсу жылғы), га

Отырғызудың және өсірудің 1 га-ға арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері, теңге

Өсірудің 1 га-ға арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері (1 өсу жылғы), теңге

Өсірудің 1 га-ға арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері (2 өсу жылғы), теңге

Бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге













Жиыны:










____________________________________________________ облысының
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы _______________________
                                        (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

                                         200__ж. "__"_________

                                                           Ережеге
                                                          7-қосымша

                                          Бекітемін
                                          ___________ облысының әкімі
                                          _________________________ __
                                             (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

                                          200__жылғы "__" _________ __

      Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін
          отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге
  2009 жылға арналған бюджеттік субсидияларды төлеу ведомосы

Р/с
N

Ауданның атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы

Дақыл

Отырғызу және өсіру алқабы, га

Өсіру алқабы (1 өсу жылғы), га

Өсіру алқабы (2 өсу жылғы), га

Отырғызудың және өсірудің 1 га-ға арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері, теңге

Өсірудің 1 га-ға арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері (1 өсу жылғы), теңге

Өсірудің 1 га-ға арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері (2 өсу жылғы), теңге

Төленуге тиіс, теңге













Жиыны:










Төленетін сома _____________________________________________________
                                       (жазумен)

__________________________________________ облысының Ауыл шаруашылығы
басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы __________________________
                                               (Т.А.Ә., қолы)