2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттердің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 11 Қаулысы

Қолданыстағы

      "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 12 және  20-баптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекітілген - ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;
      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану туралы есептерді есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2009 жылғы 16 қаңтардағы
N 11 қаулысымен    
бекітілген       

2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі

      1. Осы 2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 12 және 20-баптарына сәйкес әзірленген.
      Ереже облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды:
      1) 010 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
      2) 027 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
      3) 028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
      4) 038 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер".
      2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына, мемлекеттік сатып алу туралы және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2009 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде:
      1) 2009 жылға арналған болжамды бағаларды ескере отырып, аурулар түрлерінің тізбесі мен амбулаториялық және стационарлық емдеу кезінде дәрілік заттардың, вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттардың бірыңғай номенклатурасын, сондай-ақ олардың көлемін айқындайды;
      2) уәкілетті орган бекіткен медицина техникасымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен нормативтерінің (стандарттарының) шеңберінде жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдары мен мемлекеттік қан орталықтарына арналған медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен келіседі.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, онкологиялық сырқаттарға және гематологиялық сырқаттарға химиялық препараттар сатып алу, гемофилиямен ауыратын ересек сырқаттарға арналған қан ұйыту факторларын және жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдары үшін осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес медициналық жабдықтарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен санитарлық автокөлікті мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстардың бірыңғай ұйымдастырушысы болады.
      Конкурстық комиссияның құрамына облыстық, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды басқару органдарының өкілдері кіреді.
      5. Денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары АИТВ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын балаларды емдеу үшін, лейкемиямен ауыратын балалар үшін дәрілік заттарды, жіті миокард инфаркт сырқаттарына тромболитикалық препараттарды сатып алу жөніндегі, осы Ережеге 1-қосымшада санамаланған медициналық жабдықтарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен санитарлық көлікті қоспағанда, қан орталықтары үшін жабдықтарды, жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстардың ұйымдастырушылары болады.
      6. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер гематологиямен ауыратын ересектерді химиялық препараттармен, жіті миокард инфаркт сырқаттарын тромболитикалық препараттармен, гемофилиямен (В гемофилияны қоса алғанда) ауыратын ересек сырқаттарды қан ұйыту факторларымен қамтамасыз ету, аурулардың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға, психоэмоционалдық және физикалық жүктемелерге үстемеақы алатын лауазымдар мен мамандықтардың (неонатологтар, операцияларға қатыспайтын хирургиялық бөлімшелердің мейірбикелері, онкогематологтар) тізбесін кеңейтуге және ауыр (аса ауыр) физикалық жұмыс және зиянды (аса зиянды) және қауіпті (аса қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшыларға, туберкулезге қарсы қызмет, сәулелік диагностика мамандарына үстемеақыларды ұлғайтуға, коронаграфиялық зерттеулерге, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қаржыландыруды орта өңірлік деңгейге дейін кезең-кезеңмен жеткізуге пайдаланылады.
      7. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының заңнамада белгіленген тәртіппен объектіні пайдалануға беру туралы бекітілген актісі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу үшін шарт болып табылады.
      Ағымдағы нысаналы трансферттер күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады.
      Денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары объектіні пайдалануға беру кешіктірілген жағдайда 2009 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне тиісті қаржы жылына арнап бекітілген сома шегінде қаражатты объектілер арасында қайта бөлу туралы ұсыныстар енгізе алады.
      8. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер жергілікті деңгейдегі медициналық денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және санитарлық көлік сатып алуға, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі медициналық денсаулық сақтау ұйымдары үшін республикалық бюджеттің қаражаты есебінен сатып алынған медициналық жабдықтарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және санитарлық көлікке сервистік және кепілді мерзімінен кейінгі қызмет көрсетуге пайдаланылады.
      9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде жүргізеді.
      10. Осы Ережеге қосымшаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің медицина ұйымдарының арасында медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлуді ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.
      11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есеп береді.

                          2009 жылға арналған республикалық бюджеттен
                           облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
                               қалаларының бюджеттеріне денсаулық
                              сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы
                               трансферттерді пайдалану ережесіне
                                                1-қосымша

Конкурстың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылатын Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті деңгейдегі
  медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға
     облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
   бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің
  шеңберінде 2009 жылы сатып алатын медициналық жабдықтардың,
     автокөліктің және медициналық мақсаттағы бұйымдардың
                          тізбесі

р/с N

Атауы

1

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары үшін рентгендік флюорографиялық стационарлық сандық аппарат

2

Аудандық емханалар үшін рентгендік сандық жылжымалы маммограф

3

Аудандық емханалар үшін рентгендік флюорографиялық сандық жылжымалы кешен

4

Қалалық емханалар үшін рентгендік диагностикалық стационарлық сандық аппарат

5

Қалалық және аудандық емханалар бергіштері мен принтерлер жиынтығымен ультрадыбыстық диагностика аппараты

6

Жедел медициналық жәрдем станциялары (бөлімшелері) үшін реанимобиль

7

Туберкулезге қарсы мекемелер үшін көп функциялы рентгенодиагностикалық сандық аппарат

8

Туберкулезге қарсы мекемелер үшін ультрадыбыстық диагностика аппараты

9

Туберкулезге қарсы мекемелер үшін торакоэндовидескопиялық кешен

10

Туберкулезге қарсы мекемелер үшін биохимиялық талдағыш

11

Туберкулезге қарсы мекемелер үшін гематологиялық талдағыш

12

Туберкулезге қарсы мекемелер үшін микробиологиялық талдағыш

13

Туберкулезге қарсы мекемелер үшін иммундық-ферменттік талдағыш

14

Туберкулезге қарсы мекемелер үшін биологиялық қауіпсіздік шкаф-ламинары

15

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін рентгендік диагностикалық стационарлық сандық аппарат

16

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін биохимиялық талдағыш

17

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін талшықты жарық диоды бар эзофагогастродуоденоскоп

18

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін шығыс материалдары мен реагенттерімен гемодиализ аппараты

19

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін қышқыл-негізгі жағдайды талдағыш

20

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін бергіштері мен принтер жиынтығымен ультрадыбыстық диагностика аппараты

21

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін ағынды цитометр

22

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін эндоскопиялық хирургияға арналған жиынтық

23

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін рентген-суреттерді өңдеуге арналған сандық блок

24

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін литотриптер

25

Аудандық орталық ауруханалар үшін бергіштері мен принтер жиынтығымен ультрадыбыстық диагностика аппараты

26

Аудандық орталық ауруханалар үшін талшықты жарық диоды бар эзофагогастродуоденоскоп

27

Аудандық орталық ауруханалар үшін ингаляциялық наркоз аппараты

28

Компьютерлік томограф

29

Магниттік-резонанстық томограф

30

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін өкпені жасанды желдету аппараты

31

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін жаңа туған нәрестелерге арналған жүрек жиырылуының жиілігін кеңейтілген мониторингпен жүргізетін, электрокардиография, сатурация, температура, өкпені жасанды желдету аппараты

32

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін рентгендік диагностикалық жылжымалы аппарат

33

Балалар ауруханалары, емханалары (бөлімшелері) үшін рентгендік диагностикалық стационарлық сандық аппараты

34

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін ингаляциялық наркоз аппараты

35

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін жаңа туған нәрестелерге арналған ингаляциялық наркоз аппараты

36

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін инкубатор (кювез)

37

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін бергіштер, доплер мен принтер кешенімен ультрадыбыстық диагностика аппараты

38

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін биохимиялық талдағыш

39

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін гематологиялық талдағыш

40

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін қыздырғыш реанимациялық үстел

41

Босандыру ұйымдары үшін инвазивтік емес өкпені желдетуді жүргізе отырып, шала туған нәрестелер үшін өкпені жасанды желдету аппараты

42

Босандыру ұйымдары үшін жаңа туған нәрестелерге арналған жүрек жиырылуының жиілігін кеңейтілген мониторингпен жүргізетін, электрокардиография, сатурация, температура, өкпені жасанды желдету аппараты

43

Босандыру ұйымдары үшін мониторингтің құрылған жүйесімен шала туған нәрестелер үшін инкубатор

44

Босандыру ұйымдары үшін жаңа туған нәрестелердің өкпені жасанды желдету аппараты мен мониторингі бар көліктік инкубатор

45

Босандыру ұйымдары үшін өкпені жасанды желдету аппараты

46

Босандыру ұйымдары үшін жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатор

47

Босандыру ұйымдары үшін жаңа туған нәрестелерге арналған реанимация үстелі

48

Босандыру ұйымдары үшін портативті неонатальды монитор

49

Босандыру ұйымдары үшін жаңа туған нәрестелерге арналған қан газдарын тері арқылы мониторингтеу жүйесі бар монитор

50

Босандыру ұйымдары үшін эндоскопиялық хирургиялық жиынтық

51

Санитарлық авиация қызметі үшін реанимобиль

52

Онкологиялық ұйымдар үшін сәулелік терапия аппараты

53

Шығыс материалын қоса алғанда, кардиохирургиялық орталықтар (бөлімшелер) үшін медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар

54

Қан орталықтары үшін медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және мамандандырылған автокөлік

                          2009 жылға арналған республикалық бюджеттен
                           облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
                               қалаларының бюджеттеріне денсаулық
                              сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы
                                трансферттерді пайдалану ережесіне
                                                 2-қосымша

2009 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарын
   материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы
          нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу

                                                   мың теңге

Өңірлердің атаулары

Дәрігерлік амбулаторияларды, БМСК орталықтарын, ауылдық жерлердегі емханаларды медициналық жабдықтармен жарақтандыру

Жедел және шұғыл медициналық жәрдем қызметін санитарлық автокөлікпен жарақтандыру

Туберкулезге қарсы мекемелерді жарақтандыру

Ақмола

81 600

70 400

79 200

Ақтөбе

81 600

 

261 000

Алматы

94 900

70 400

86 300

Атырау

94 900


87 000

ШҚО

81 600


381 400

Жамбыл

81 600

70 400

77 800

БҚО

94 900



Қарағанды

101 714

50 286

 

Қостанай

94 900


117 200

Қызылорда

94 900


 

Маңғыстау

81 600


147 500

Павлодар

94 900


86 500

СҚО

81 600


55 300

ОҚО

94 900

70 400


Алматы қаласы

56 600



Астана қаласы

46 500



Жиыны:

1 358 714

331 886

1 379 200

                                                 мың теңге

Өңірлердің атаулары

Балалар мен босандыру ұйымдарының медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырылу деңгейін жарақтандырудың ең төменгі нормативіне дейін жеткізу

Қалалық және облыстық ауруханаларды медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру

Онкологиялық ұйымдарды қазіргі заманғы рентген-сәулелі аппараттарымен жарақтандыру

Ақмола

195 299


19 000

Ақтөбе

135 300

110 300

351 000

Алматы

225 706

118 800

201 600

Атырау

122 400

85 000

133 000

ШҚО

299 540

92 700

 

Жамбыл

189 700

62 700

237 000

БҚО

129 200

95 900

104 000

Қарағанды

181 593

144 900

 

Қостанай

226 143

109 400


Қызылорда

115 580

19 400


Маңғыстау

119 980

99 100


Павлодар

157 200

16 600

294 600

СҚО

107 750

140 100


ОҚО

343 312

121 700

27 000

Алматы қаласы

279 613

123 400


Астана қаласы

174 150

66 300


Жиыны

3 002 466

1 406 300

1 367 200

                                                 мың теңге

Өңірлердің атаулары

МРТ, КТ-мен жарақтандыру

Кардиохирургиялық орталықтарды (бөлімшелерді) жарақтандыру

Санитарлық авиация қызметін санитарлық автокөлікпен жарақтандыру

Ақмола

467 500

120 574

0

Ақтөбе



23 000

Алматы


72 200

23 000

Атырау


72 200

23 000

ШҚО


110 937

23 000

Жамбыл


517 600

23 000

БҚО


72 200

23 000

Қарағанды

350 000

919 501

23 000

Қостанай


144 400

23 000

Қызылорда

467 500

517 600

23 000

Маңғыстау


495 940

23 000

Павлодар


108 300

23 000

СҚО


108 300

23 000

ОҚО


144 400

23 000

Алматы қаласы




Астана қаласы




Жиыны

1 285 000

3 404 152

299 000

                                                мың теңге

Өңірлердің атаулары

Қан орталықтарын жарақтандыру

Медициналық жабдықтарды сервистік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету

Барлығы

Ақмола

63 223

56 750

1 153 546

Ақтөбе

139 011

43 599

1 144 810

Алматы

133 439

60 682

1 087 027

Атырау

90 182

35 587

743 269

ШҚО

37 437

69 944

1 096 558

Жамбыл

36 293

53 182

1 349 275

БҚО

127 535

41 129

687 864

Қарағанды

40 115

64 476

1 875 585

Қостанай

46 892

70 318

832 253

Қызылорда

111 786

43 548

1 393 314

Маңғыстау

35 445

28 399

1 030 964

Павлодар

90 184

54 978

926 262

СҚО

30 495

61 862

608 407

ОҚО

33 640

101 964

960 316

Алматы қаласы

41 084

46 625

547 322

Астана қаласы

1665

38 171

326 786

Жиыны

1 058 426

871 214

15 763 558