2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттердің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 11 Қаулысы

Жаңартылған

      "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 12 және  20-баптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекітілген - ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;
      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану туралы есептерді есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2009 жылғы 16 қаңтардағы
N 11 қаулысымен    
бекітілген       

2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі

      1. Осы 2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 12 және 20-баптарына сәйкес әзірленген.
      Ереже облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды:
      1) 010 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
      2) 027 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
      3) 028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
      4) 038 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер".
      2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына, мемлекеттік сатып алу туралы және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2009 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде:
      1) 2009 жылға арналған болжамды бағаларды ескере отырып, аурулар түрлерінің тізбесі мен амбулаториялық және стационарлық емдеу кезінде дәрілік заттардың, вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттардың бірыңғай номенклатурасын, сондай-ақ олардың көлемін айқындайды;
      2) уәкілетті орган бекіткен медицина техникасымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен нормативтерінің (стандарттарының) шеңберінде жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарына арналған медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен келіседі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.09. N 1335 Қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, онкологиялық сырқаттарға және гематологиялық сырқаттарға химиялық препараттар сатып алу, гемофилиямен ауыратын ересек сырқаттарға арналған қан ұйыту факторларын және жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдары үшін осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес медициналық жабдықтарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстардың бірыңғай ұйымдастырушысы болады.
      Конкурстық комиссияның құрамына облыстық, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды басқару органдарының өкілдері кіреді.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.09. N 1335 Қаулысымен.
       5. Денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары АИТВ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын балаларды емдеу үшін, лейкемиямен ауыратын балалар үшін дәрілік заттарды, жіті миокард инфаркт сырқаттарына тромболитикалық препараттарды сатып алу жөніндегі, осы Ережеге 1-қосымшада санамаланған медициналық жабдықтарды қоспағанда, жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстардың ұйымдастырушылары болады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.09. N 1335 Қаулысымен.
       6. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер гематологиямен ауыратын ересектерді химиялық препараттармен, жіті миокард инфаркт сырқаттарын тромболитикалық препараттармен, гемофилиямен (В гемофилияны қоса алғанда) ауыратын ересек сырқаттарды қан ұйыту факторларымен қамтамасыз ету, аурулардың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға, психоэмоционалдық және физикалық жүктемелерге үстемеақы алатын лауазымдар мен мамандықтардың (неонатологтар, операцияларға қатыспайтын хирургиялық бөлімшелердің мейірбикелері, онкогематологтар) тізбесін кеңейтуге және ауыр (аса ауыр) физикалық жұмыс және зиянды (аса зиянды) және қауіпті (аса қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшыларға, туберкулезге қарсы қызмет, сәулелік диагностика мамандарына үстемеақыларды ұлғайтуға, коронаграфиялық зерттеулерге, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қаржыландыруды орта өңірлік деңгейге дейін кезең-кезеңмен жеткізуге пайдаланылады.
      7. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының заңнамада белгіленген тәртіппен объектіні пайдалануға беру туралы бекітілген актісі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу үшін шарт болып табылады.
      Ағымдағы нысаналы трансферттер күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады.
      Денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары объектіні пайдалануға беру кешіктірілген жағдайда 2009 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне тиісті қаржы жылына арнап бекітілген сома шегінде қаражатты объектілер арасында қайта бөлу туралы ұсыныстар енгізе алады.
      8. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алуға пайдаланылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.09.09.  N 1335Қаулысымен.
       9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде жүргізеді.
      10. Осы Ережеге қосымшаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің медицина ұйымдарының арасында медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлуді ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.
      11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есеп береді.

                         2009 жылға арналған республикалық бюджеттен
                           облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
                               қалаларының бюджеттеріне денсаулық
                              сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы
                               трансферттерді пайдалану ережесіне
                                                1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.09.09. N 1335 Қаулысымен.

Конкурстың бірыңғай ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі болып табылатын жергілікті
деңгейдегі медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық
жарақтандыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттердің шеңберінде 2009 жылы сатып алынатын медициналық
жабдықтардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі

Р/с
N

Атауы

1

2

1.

Туберкулезге қарсы мекемелер үшін көп функционалды рентгендідиагностикалық сандық аппарат

2.

Туберкулезге қарсы мекемелер үшін ультрадыбыстық диагностика аппараты

3.

Туберкулезге қарсы мекемелер үшін торакоэндовидескопиялық кешен

4.

Туберкулезге қарсы мекемелер үшін биохимиялық талдағыш

5.

Туберкулезге қарсы мекемелер үшін гематологиялық талдағыш

6.

Туберкулезге қарсы мекемелер үшін микробиологиялық талдағыш

7.

Туберкулезге қарсы мекемелер үшін иммундық-ферменттік талдағыш

8.

Туберкулезге қарсы мекемелер үшін биологиялық қауіпсіздік шкафы-ламинар

9.

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін өкпені жасанды желдету аппараты

10.

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін жаңа туған нәрестелерге арналған жүрек жиырылуының жиілігін кеңейтілген мониторингпен өкпені жасанды желдету жүргізетін, электрокардиография, сатурация, температура стационарлық аппараты

11.

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін рентгендік диагностикалық жылжымалы аппарат

12.

Балалар ауруханалары, емханалары (бөлімшелері) үшін рентгендік диагностикалық стационарлық сандық аппарат

13.

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін ингаляциялық наркозға арналған аппарат

14.

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін жаңа туған нәрестелердің ингаляциялық наркозына арналған аппарат

15.

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін инкубатор (кювез)

16.

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін бергіштер, доплер мен принтер кешенімен ультрадыбыстық диагностика аппараты

17.

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін биохимиялық талдағыш

18.

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін гематологиялық талдағыш

19.

Балалар ауруханалары (бөлімшелері) үшін жылытқышы бар реанимация үстелі

20.

Босандыру ұйымдары үшін өкпені инвазиялық емес желдетуді жүргізе отырып, шала туған нәрестелер үшін өкпені жасанды желдету аппараты

21.

Босандыру ұйымдары үшін жаңа туған нәрестелерге арналған жүрек жиырылуының жиілігін кеңейтілген мониторингпен өкпені жасанды желдету жүргізетін, электрокардиография, сатурация, температура стационарлық аппараты

22.

Босандыру ұйымдары үшін құрылған мониторинг жүйесі бар шала туған нәрестелерге арналған инкубатор

23.

Босандыру ұйымдары үшін жаңа туған нәрестелердің өкпені жасанды желдету аппараты мен мониторингі бар көліктік инкубатор

24.

Босандыру ұйымдары үшін өкпені жасанды желдету аппараты

25.

Босандыру ұйымдары үшін жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатор

26.

Босандыру ұйымдары үшін жаңа туған нәрестелерге арналған реанимация үстелі

27.

Босандыру ұйымдары үшін портативті неонатальды монитор

28.

Босандыру ұйымдары үшін жаңа туған нәрестелерге арналған қан газдарын тері арқылы мониторингтеу жүйесі бар монитор

29.

Босандыру ұйымдары үшін эндоскопиялық хирургияға арналған жиынтық

30.

Онкологиялық ұйымдар үшін сәулелік терапия аппараттары

31.

Шығыс материалын қоса алғанда, кардиохирургиялық орталықтар (бөлімшелер) үшін медициналық жабдық пен медициналық мақсаттағы бұйымдар

                         2009 жылға арналған республикалық бюджеттен
                           облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
                               қалаларының бюджеттеріне денсаулық
                              сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы
                                трансферттерді пайдалану ережесіне
                                                 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.09.09.  N 1335Қаулысымен.

2009 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарын
материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу

мың теңге

Р/с
N

Өңірлердің атауы

Туберкулезге қарсы мекемелерді жарақтандыру

Балалар мен босандыру ұйымдарының медициналық жабдықтармен жарақтандырылу деңгейін жарақтандырудың ең төменгі нормативіне дейін жеткізу

Онкологиялық ұйымдарды рентгенді сәулелі аппараттармен жарақтандыру

Кардио-хирургиялық орталықтарды (бөлімшелерді) жарақтандыру

БМСК орталықтарын, қалалық емханаларды және ауылдық жерлердегі емханаларды медициналық жабдықтармен жарақтандыру

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Ақмола облысы

77 840

193 138

11 700

120 574


403 252

2.

Ақтөбе облысы

261 000

134 064

342 868

-


737 932

3.

Алматы облысы

84 653

221 400

193 388

72 200


571 641

4.

Атырау облысы

87 000

121 604

124 788

72 200


405 592

5.

Шығыс Қазақстан облысы

378 173

298 142

-

110 937


787 252

6.

Жамбыл облысы

77 532

188 451

227 956

514 750


1 008 689

7.

Батыс Қазақстан облысы

-

128 299

103 168

72 200

111 306

414 973

8.

Қарағанды облысы

-

174 672

-

910 780

-

1 085 452

9.

Қостанай облысы

115 777

224 554

-

144 400

-

484 731

10.

Қызылорда облысы

-

115 050

-

514 750

-

629 800

11.

Маңғыстау облысы

147 270

119 056

-

493 090

-

759 416

12.

Павлодар облысы

86 433

155 633

286 468

108 300

-

636 834

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

53 948

105 314

-

108 300

-

267 562

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

-

339 678

27 000

144 400

-

511 078

15.

Алматы қаласы

-

276 747

-

-

-

276 747

16.

Астана қаласы

-

172 067

-

-

-

172 067


Жиыны:

1 369 626

2 967 869

1 317 336

3 386 881

111 306

9 153 018