Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1338 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

       Қазақстан Республикасы  
      Үкіметінің         
      2008 жылғы 31 желтоқсандағы
      N 1338 қаулысымен      
      бекітілген         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 12, 98-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

Майлыбаев                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Бағлан Асаубайұлы             және ақпарат вице-министрі, төрағаның
                              орынбасары

Шаймерден                   - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ербол Шаймерденұлы            ақпарат министрлігі Тіл комитетінің
                              төрағасы

Алпысбаев                   - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Төлеубек Жұмагелдіұлы         ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
                              нормативтік-лингвистикалық проблемалар
                              басқармасының бастығы, хатшы;
      көрсетілген құрамнан Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, Қажыбек Ерден Задаұлы шығарылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 12, 99-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

Майлыбаев                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Бағлан Асаубайұлы             және ақпарат вице-министрі, төрағаның
                              орынбасары

Шаймерден                   - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ербол Шаймерденұлы            ақпарат министрлігі Тіл комитетінің
                              төрағасы

Алпысбаев                   - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Төлеубек Жұмагелдіұлы         ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
                              нормативтік-лингвистикалық проблемалар
                              басқармасының бастығы, хатшы;
      көрсетілген құрамнан Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, Қажыбек Ерден Задаұлы шығарылсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 992 Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 800 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).