Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1338 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.03.2022 № 114 қаулысымен.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 12, 99-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Майлыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Бағлан Асаубайұлы және ақпарат вице-министрі, төрағаның
орынбасары
Шаймерден - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ербол Шаймерденұлы ақпарат министрлігі Тіл комитетінің
төрағасы
Алпысбаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Төлеубек Жұмагелдіұлы ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
нормативтік-лингвистикалық проблемалар
басқармасының бастығы, хатшы;
көрсетілген құрамнан Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, Қажыбек Ерден Задаұлы шығарылсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 992 Қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 800 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).